Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді

Төтенше жағдайлар министрлігі «Сейсмологиялық тәжірибе әдістемелік экспедициясы» сейсмикалық станциялар желісі 2023 жылғы 5 сәуірде Алматы уақытымен 21:14-те жер сілкінісін тіркеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 74 шақырым жерде қырғызстанда орналасқан.

  • Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 10.2.
  • MPV магнитудасы — 4.5.
  • Эпицентрдің координаттары 42.69°с.ш. 76.33° в.д.
  • Тереңдігі — 5 шақырым.
  • МЅК-64 шкаласы бойынша Алмарасан шатқалында 2 балл сезілді.

«Өзара іс-қимыл алгоритміне сәйкес, тиісті мемлекеттік мекемелер хабарланып, қираулардың болуына, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмыс істеуіне мониторинг жүргізіліп жатыр, полиция департаментінің жедел кезекшісіне қаланың ғимараттары мен құрылыстарын зақымдалуына сыртқы шолу жасау үшін ақпарат жеткізілді. Ақпарат толықтырылып жатыр», — деп хабарлады Алматы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр 

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы» конституциялық заң жобасы екінші оқылымда қаралады.

Енді несие алу қиындайды: Кімдерге ақша берілмейді? 

1 шілдеден бастап Қазақстанда несие беру ережелері өзгереді.

Жұмыссыздарға ақша төленеді: Өтінішті қалай беруге болады? 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтар жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің тәртібі мен талаптарын түсіндірді.

Депутаттар Алатауға қатысты заңды қабылдады 

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті. Отырыста депутаттар «Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасын  екінші оқылымда қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовты “Барыс” орденімен марапаттады

Бүгін Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ХIV Қысқы Паралимпиада ойындарында бір алтын және бір қола медаль иеленген Ербол Хамитовты III дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.