Ұлттық мереке – Республика күнін Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару департаментінің жеке құрамы зор салтанатпен атап өтті.
Асқақ үнді Әнұранмен басталған салтанатты жиынды Департамент бастығы полиция генерал-майоры Қ.Дәлбеков құттықтау сөзбен ашты.
«Құрметті әріптестер! Қазақстан халқы үшін 25 қазан — тарихтағы ең маңызды күндердің бірі. Дәл осы күні 1990 жылы біздің қасиетті тәуелсіздігімізге жол ашқан Қазақ КСР-нің Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданды.
Халықаралық аренада беделді және тұрақты мемлекет ретінде нығая түскен Қазақстан Республикасының тарихында қылмыстық-атқару жүйесінің де өзіндік үлесі бар.
Бүгінгі мереке күні осындай нығаю жылдарында аталған салаға еңбегі сіңген азаматтарымызды атамай кетуге болмайды. Біз осы салада абыройлы еңбек етіп, құрметті зейнеткерлікке шыққан Ерғали Төлендіұлы Сағалбаев, Манас Жұмашұлы Тұяқбаев сияқты әріптестерімізді әрқашан мақтан тұтамыз. Бүгін біздің арамызда аға буын ардагерлердің көшін бастап жүрген Хасан Хусаинұлы Валиев отыр. Оның қызметтегі өнегелі жолы бүгінгі жас мамандарға үлкен өнеге»-деді Департамент басшысы өз құттықтауында.
Салтанатты жиын барысында жұмыста үздік көрінген қызметкерлер марапатталды. Олардың арасында Бағлан Шахметов Ішкі істер министрінің Құрмет грамотосымен, Жанна Шарманова Ішкі істер министірінің Грамотасымен, ардагер Х.Валиев пен Әділет Сайдыбақас «Қазақстан полициясының 30 жылдығы» медалімен марапатталды. Бірқатар қызметкерлер ҚАЖ комитеті мен Департамент бастығының Алғыс хатына ие болды.
Республика күніне арналған мерекеде қызметке жаңадан қабылданған мамандар салтанатты түрде Ант қабылдады.


