АЛМАТЫ АКАДЕМИЯСЫНДА ПАТРИОТТЫҚ ЖОБА БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Алғаш рет кәсіби бағдар беру аясында ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы мен ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясының қызметкерлері бірлесіп, «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының «QAISAR» республикалық әскери-патриоттық жобасы бойынша жастармен және мектеп оқушыларымен кездесу өткізді.

Кездесуде Арнайы тактикалық кафедрасының бастығы полиция полковнигі О. Цой, Идеологиялық және имидж жұмысы бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Е.Жақиянов және Кәсіби даярлық факультетінің оқытушы-әдіскері полиция аға лейтенанты М.Бейлқызы жастарға құқық қорғау және әскери құрылымдардың қызметі туралы, ведомстволық оқу орнындағы оқудың ерекшеліктері туралы түсіндірді.

Алматының еріктілері мен белсенділері және оқушыларымен өткен кездесудің басты мақсаты – әскери қызметке деген патриоттық сана мен қызығушылықты қалыптастыру болды.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына 20 үміткер анықталды

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды...

ҚазҰУ-да «Жасанды интеллект дәуірі: Баспа ісі, медиа және дизайн» атты халықаралық күзгі мектеп басталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ұлттық баспа күніне орай...

Жетісу облысындағы инсульт орталықтарында Cerebra жасанды интеллект жүйесі енгізілді

Жетісу облысындағы барлық инсульт орталықтарында ишемиялық және геморрагиялық инсультті...

Как горный туризм может расширить экономику Алматы

Развитие Алматинского горного кластера и проекта Almaty SuperSki может...