Алматылық хирургтер іштей кемістікпен туған бір жасар балаға күрделі ота жасады

Бір жастағы нәрестенің анасы Алматыдағы №2 Қалалық клиникалық балалар ауруханасы хирургтерінің көмегіне жүгіну туралы шешім қабылдаған. Айтуынша, баланың кіндігі құрғамағандықтан төңірегіндегі терісі болбырап кеткен.
Аурухана баспасөз қызметінің дерегіне сүйенсек, нақты диагноз қою үшін ультрадыбыстық зерттеу мен цистография жасалды. Тексеру барысында урахустың толық жетілмей қалғаны анықталды. Салдарынан кіндік тұсында жара пайда болып, сұйықтық жиналған. Пациентке МӘМС шеңберінде жоспарлы түрде ота жасау туралы шешім қабылданды.
«Урахус – несеп жолы, әдетте, эмбрионның даму кезеңінде ғана кездеседі. Ол қуықтың жоғарғы ұшын кіндік қанатымен жалғаушы міндетін атқарады. Негізінде урахус іштегі нәресте 5-7 айға толған кезде толық жетіліп, бітіп кетуі тиіс. Бірақ кей жағдайларда осы несеп жолы жабылмай қалады. Салдарынан іштей аномалия пайда болады. Бұл өте сирек кездесетін құбылыс. Хирургия саласында қызмет еткен 30 жылда осындай жағдайды үшінші рет кездестіріп тұрмын», — деп түсіндірді №2 ҚКБА хирургия бөлімшесі меңгерушісі Марат Қаптағаев.
Айтуынша, мұндай кемістіктерді консервативтік жолмен емдеу дұрыс нәтиже бермейді. Сондықтан мамандар операция жасау туралы шешім қабылдаған. Ота арқылы жергілікті қабыну процесінің, кеуде қуысы абсцесі мен кистаның алдын алуға болады.
Аурухананың М.Қаптағаев, Е.Маханов, Т.Юсупова бастаған тәжірибелі хирургтер мен анестизиологтар бригадасы күрделі отаны жарты сағатта сәтті жасап шықты. Бүгінде бала толық айығып, ауруханадан шықты.

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Сыбайлас жемқорлық — заңды бұзу ғана емес, қоғамның әділдікке...

Әкімшілік іс жүргізу барысындағы дәлелдемелер және дәлелдеудің тәртібі мен ерекшеліктері

Соттар талап қою нысанасын дәлелдеу процесінде тараптардың, атап айтқанда...

Кассациялық сот құру сот төрелігінің сапасын және азаматтардың жалпы соттарға деген сенім деңгейін арттыру

Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судяларының мәртебесі туралы» Конституциялық...

Конституциялық құқық белгілерінің бірі — мемлекеттік тіл

Тіл – ұлттың рухани байлығы, елдің тарихи жады мен...

Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және болдырмау іс шаралары

Қазіргі таңда әрбір дамыған мемлекеттің алдында тұрған ең басты...