Алматылық оқушылар халықаралық жобадан алтын медаль жеңіп алды

Индонезия мемлекеті Бали қаласында оқушылар арасындағы «INTERNATIONAL SCIENCE AND INVENTION FAIR (ISIF – 2023)» атты халықаралық ғылым және өнертабыстар көрмесі өтуде. Көрме мақсаты — ғылымды кеңінен насихаттау, соның ішінде шет елдердің ғылыми тәжірибесін тарату, сондай ақ жастарды инновациялық қызметке тарту, жасөспірімдердің ғылыми зерттеу дағдылары мен жаңашылдық рухын дамыту.

Аталмыш халықаралық жобаға Алматы қаласы Білім басқармасы «Алматы дарыны» орталығының қолдауымен №24 лицей оқушысы Халбай Дияр және №178 мамандандырылған лицей оқушылары Нышанбай Ажар мен Жандарбек Тоғжан қатысуда. Конкурс барысында Ажар мен Тоғжан әлемдік аренада жеңіс тұғырынан көрініп алтын медаль иегері атанды. Ғылыми жетекшілері: Жұмабай Ф.М., Бақытжан Н.

Оқушылардың қорғап жатқан жобасы Мырыш қаптамасының коррозияға тұрақтылығын арттыруға бағытталған. Жұмыстың мақсаты металл конструкциялар мен бұйымдарды коррозиядан қорғау үшін құрамында титан диоксиді бар композициялы мырыш жабынын алу. Қазіргі таңда металды коррозиядан қорғаудың негізгі әдісі – қорғаныс жабындарын жасау. Солардың ішінде мырышпен қаптау кеңінен таралған. Мырыш жабындарының қорғаныш қасиеттерін оның құрамына әртүрлі дисперсті бөлшектерді қосу арқылы жақсартуға болады. Осы мақсатта мырыш матрицасына дисперсті титан диоксидін енгізу арқылы коррозияға айтарлықтай төзімді жабындарды электрохимиялық жолмен алу қарастырылады.

Алматылық мектеп оқушыларының ISIF – 2023 қатысу мүмкіндігі үшін «Халықаралық ғылыми ынтымақтастық орталығы» ММ-не алғысымызды білдіреміз.

Алматылық оқушыларымызға сәттілік серік болып, алдағы уақытта да әлемдік аренада жеңіс тұғырынан көріне берулерін тілейміз!

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...

За год Казахстан обошел Португалию и Финляндию по объему экономики

Международный валютный фонд в октябрьском обзоре мировой экономики оценил...