Алматылық офтальмологтар көзіне металл кіріп кеткен ер адамның жанарын сақтап қалды

Орталық қалалық клиникалық аурухана дәрігерлері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен көзге жоғары технологиялық операциялар жасайды. Осындай күрделі отаның бірі жайлы ОҚКА офтальмологы Гүлзат Әбдірайымова әңгімелеп берді.
Маман сөзіне сүйенсек, аурухана дәрігерлері көз жарақатын емдеуде орасан зор тәжірибе жинақтаған. Өткен жылдарды айтпағанда, биылғы жылдың басынан бері офтальмология бөлімшесінде 450-ге жуық операция жасалыпты.
«62 жастағы ер азаматтың көзіне металл сынығы түскен. Көлігін жөндеу барысында оң көзіне металл сынығы түскен ол шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Металл сынығы көздің барлық қабаттарынан өтіп, көз орбитасының ішіне, жанардың жүйке тамырлары орналасқан тұсына қадалған. Ота барысында металл алынып, жарақаттың салдарынан болатын менингит пен сепсистің алдын алдық», — дейді офтальмология бөлімшесі меңгерушісі Гүлзат Әбдірайымова.
Жоғары технологиялар мен білікті мамандар пациенттің көз жанарын сақтап қалды.
«Күрделі ота 3 сағатта аяқталды. Жалпы, мұндай ота асқан шеберлікті, зергерге тән дәлдікті талап етеді. Өйткені операция барысында көздегі шыныәйнектің пішініне титтей де зақым келмеуі тиіс», — дейді офтальмолог.
Қазір емделушінің жағдайы жақсы, көру қабілеті қалпына келді. Бірақ ол алдағы уақытта көз дәрігерлерінің бақылауында болуы тиіс.
Бір айта кетерлігі, ОҚКА-ның офтальмология бөлімшесі пациенттерді тәулік бойы үздіксіз қабылдайды. Бөлімше кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті мен МӘМС аясында қызмет көрсетеді.
Осыдан біраз бұрын аталған аурухана дәрігерлері көзіне ұзындығы 3 сантиметрлік сым кіріп кеткен алматылық тұрғынның жанарын сақтап қалған болатын

Диагностиканың жаңа деңгейі: Қонаевта бактериологиялық зертхана ашылды

Қонаев қаласының көпсалалы ауруханасында заманауи бактериологиялық зертхана өз жұмысын...

Новый уровень диагностики: в Конаеве открылась бактериологическая лаборатория

В Многопрофильной больнице города Қонаев начала работу современная бактериологическая...

Су қорының жері жекеменшікке берілмейді

         Алматы облысы жер ресурстарын басқару департаментінің жауапкер «AL-agro...

ПРЕЖДЕ ЧЕМ СКАЗАТЬ «ДА», НУЖЕН ЛИ БУДУЩИМ СУПРУГАМ «СЕМЕЙНЫЙ ПРАВОВОЙ МИНИМУМ»?

Семья начинается с чувств. Ответственность за семью должна начинаться...

Безопасность на дорогах — обязанность ответственных организаций

Специализированным межрайонным административным судом Туркестанской области рассмотрено дело, касающееся...