Алматылық медицина ұйымдарына қосымша 7 млрд теңге бөлінді

Медициналық сақтандыру қоры Алматы қаласының денсаулық сақтау саласына қосымша 7 млрд теңге бөлді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте МСҚ Алматы филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев хабарлады.
Айтуынша, қосымша қаржы Алматыда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетіндегі қызметтерді пайдалану көрсеткішінің жоғары болуына байланысты бөлініп отыр.
«Жалпы, оңтүстік астанада медициналық қызметке жүгіну көрсеткіші өте жоғары. Сондықтан Қор өткен аптада қаладағы медицина мекемелерін қаржыландыруға 7 млрд теңгеге жуық қаржы бөлді. Бөлінген қаражаттың 2,8 млрд теңгесі консультативтік-диагностикалық қызметтерге, 4,1 млрд теңгесі – стационарлық көмекке, 164,5 млн теңгесі жоғары технологиялық қызметтерге жұмсалмақ», — деді Тілеухан Әбілдаев.
Филиал басшысының дерегінше, биыл Алматы қаласы денсаулық сақтау саласы бюджеті 302,4 млрд. теңгені құрап отыр. Оның 156,7 млрд теңгесі – кепілдендірілген тегін медициналық көмекке, 145,7 млрд. теңгесі МӘМС пакетіне тиесілі. Салыстырар болсақ, бұл өткен жылдың бюджетінен 17% артық, деді ол.
Сонымен қатар, Тілеухан Әбілдаев медицина ұйымдарына бөлінетін қаржы қысқартылды деген қауесеттің шындыққа жанаспайтынын атап өтті.
«Соңғы кезде жұртшылық арасында Қор медицина ұйымдарына бөлінетін қаражатты қысқартты, сол себепті халыққа көрсетілетін көмек көлемі де қысқарды деген пікір тарағаны жасырын емес. Бөлінген қаржы көлемі жыл сайын артпаса, кеміп жатқан жоқ. Жалпы, Қор кепілдендірілген тегін медициналық көмек пен МӘМС шеңберінде халыққа көрсетілген қызмет ақысын төлейтін қаржы операторы. Яғни, келісімшарт белгілі бір сомаға бекітіледі, клиника сол сомаға жыл бойы қызмет көрсетеді. Артық тұтынуды болдырмас үшін медицина ұйымдары көрсетілетін қызмет көлемін әр айға бөліп отыруы тиіс», — деді филиал директоры.
Естеріңізге сала кетсек, Қор көрсетілген қызметтердің сапасын тексереді және қызмет ақысы тиісті мониторингтен кейін ғана төленеді. Әдетте, мониторинг барысында стандарттар мен нормативтерден ауытқу сынды ақаулар анықталып жатады. Емдеу мекемелеріне айыппұл салынады, көрсетілген қызмет сомасы толығымен немесе оның белгілі бір бөлігі Қорға қайтарылады. Ал, көрсетілмеген қызметті көрсетілді деп қосып жазған клиникалар үш есе айыппұл салынады.

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі төмен мекемесінде сотталғандарға арналған мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі төмен мекемесінде...

Сот құжаттарына апостиль қою және электрондық үкімет веб-порталының мүмкіндіктері

Қазіргі жаһандану жағдайында азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен...

Судья әдебі – ауқымды ұғым

Қоғамда әділдік пен заң үстемдігін қамтамасыз ететін негізгі тұлғалардың...

Халықаралық шарттар – әділ сот төрелігінің кепілі

Қазіргі жаһандану дәуірінде құқықтық мемлекет құру жолында халықаралық стандарттардың...

Тергеу ұғымы және оның маңызы

Тергеу – қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашу, кінәлі тұлғаларды анықтау...