Алматы тұрғындары әдетте қатерлі ісіктің қай түрінен көз жұмады

Алматы онкологиялық орталығы мамандары қала тұрғындарын онкоскринингтерге немқұрайды қарамай, тексеруден уақтылы өтуге шақырады. Скринингтер МӘМС пакеті шеңберінде жүргізіледі, тексеруден өту үшін тіркелген емхана көмегіне жүгіну қажет.
Орталық дәрігері Рүстем Ирсалиевтің айтуынша, өлім-жітім жағынан бірінші орында колоректалды обыр, екінші – өкпе обыры, үшінші – асқазан обыры, төртінші орында сүт безі ісігі тұр. Оған қауіпті аурудың көпке дейін ешқандай белгі бермеуі себеп. Мысалы, колоректалды обырға шалдыққан адамның көбіне іші ауырып, үлкен дәретте қан дақтары пайда болады, іші біресе өтіп, біресе қатып қиналуы мүмкін.
«Ауруы асқынып кеткен пациент анемияға шалдығып, салмағы төмендейді. Көбіне бізде ауру 3-4-стадияда, яғни сырқат белгі бере бастаған кезде анықталып жатады. Себебі науқастар онкологиялық скринингтерден өтпейді. Өкпе обырын да ерте анықтау қиын, өйткені ол да көпке дейін ешбір белгі бермейді. Оның үстіне, өкпе ісігі тез өршіп, метастаза береді. Оның негізгі себебі – шылымқорлық. Шылым шекпесеңіз де, айналаңыздағылар тартқан темекінің түтіні де қауіпті», — дейді Рүстем Ирсалиев.
Рүстем Ирсалиевтің айтуынша, қазір сүт безі обыры 15 пен 40 жас аралығындағы қыздар мен келіншектер арасында да аз кездеспейді.
Жалпы обыр бір мезетте пайда болатын ауру емес. Оны ерте анықтау үшін мамандар көмегіне жүгіну қажет. Дер шағында анықталса науқастардың 97-99 проценті толық жазылып шығуы мүмкін. 3-стадияда анықталған обырдан аман қалу мүмкіндігі 60-70%. Ол жағы ісіктің түрі мен құрылымына байланысты. 4-стадиядағы обырды емдеп жазу қиын. Сондықтан дәрігерге қаралып, скринингтерден өтіп тұруға шақырамын, дейді маман.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына 20 үміткер анықталды

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды...

ҚазҰУ-да «Жасанды интеллект дәуірі: Баспа ісі, медиа және дизайн» атты халықаралық күзгі мектеп басталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ұлттық баспа күніне орай...

Жетісу облысындағы инсульт орталықтарында Cerebra жасанды интеллект жүйесі енгізілді

Жетісу облысындағы барлық инсульт орталықтарында ишемиялық және геморрагиялық инсультті...

Как горный туризм может расширить экономику Алматы

Развитие Алматинского горного кластера и проекта Almaty SuperSki может...