Алматылық дәрігерлер 30 жылдан бері эпилепсиямен ауыратын ер адамға ота жасады

Орталық қалалық клиникалық ауруханада 30 жылдан бері эпилепсиямен ауыратын 47 жастағы ер адамға бірегей ота жасалды. Операцияны ОҚКА нейрохирургі Марат Алматов пен №2 Қалалық клиникалық балалар ауруханасы дәрігері Азамат Жайылғанов жасады.
Марат Алматовтың айтуынша, МРТ мен ЭЭГ нәтижесінде мида ауру ошағы жоқтығы анықталды. Содан соң консилиум арқылы кезбе жүйкеге стимулятор орнату туралы шешім қабылданды.
«Кезбе жүйкеге орнатылған стимулятор эпилептикалық ұстама санын қысқартады және негізгі терапиялық еммен бірге ұстама жиілігін азайтып, ремиссияға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Спиральді қосатын генератор терінің астына орнатылады. Ол электродтар мен вагус арқылы өтіп миға белгі береді. Дәрігер стимуляция интервалы мен оның ұзақтығын арнайы құрылғы арқылы реттеп отырады. Қондырғының жұмысы ота жасау барысында сыналады. Науқас ауруханада болған 4 күнде ұстамасы байқалған жоқ. Қайталанған күннің өзінде енді оның саны едәуір азаюы тиіс. Бірақ эпилептикалық дәрілерді үзбей қабылдауы қажет», — дейді ол.
Туыстарының сөзінше, пациент эпилепсияға жасөспірім шағында шалдыққан. Соңғы кезде күніне 20 шақты рет ұстамасы ұстайтын, дәрі көмектеспей қалды, дейді жақындары.
«Бұл операция науқастың қалыпты өмір сүруіне мүмкіндік беріп қана қоймай, оны бақытсыз жағдайлардан да сақтап қалады деуге болады. Өйткені эпелиптикалық ұстама кез-келген уақытта, аяқ-асты пайда болады, адам абайсызда ауыр жағдайға душар болуы әбден мүмкін. Отадан кейін пациент эпилептологқа қаралады, маман аппаратты бейімдеп отырады», — деп қосты нейрохирург Азамат Жайылғанов.
Эпилепсияны емдеудің бұл түрі өте қымбат манипуляциялар қатарына жатады. Шетелдік клиникаларда құны 50 мың доллардан басталатын емдеу тәсіліне Қазақстан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың арқасында қол жеткізіп отыр. Операция дәрілік препараттар көмегімен жүргізілетін ем-дом түрімен бірдей нәтиже береді. Бірақ мұнда дәрі ішкеннен кейін қалыптасатын кері әсерлер болмайды.

         Дауларды шешудің тиімді жолы

      Медиация, бітімгершілік, татулық келісімімен, яғни, басты мақсаты – екі...

Символ традиций в экоисполнении: в Алматы показали седло из переработанных материалов

На площади перед выставочным центром «Атакент» прошел масштабный фестиваль...

Методы разные, а результат один

В АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАФИКСИРОВАНЫ НОВЫЕ СЛУЧАИ ТЕЛЕФОННОГО И ИНТЕРНЕТМОШЕННИЧЕСТВА,...

Когда домбра – часть жизни 

ИМЯ ЮНОГО ДОМБРИСТА ИЗ КОКШЕТАУ АБЫЛАЙХАНА САМАТА ИЗВЕСТНО ДАЛЕКО...

Современные немецкие технологии 

В ЗЕРЕНДИНСКОМ РАЙОНЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ БЛИЗИТСЯ К ЗАВЕРШЕНИЮ СТРОИТЕЛЬСТВО...