Алматылық дәрігерлер ми мен бас сүйегінің туабітті ақауымен туған балаларға ота жасайды

Оңтүстік астанадағы №2 қалалық клиникалық балалар ауруханасында ми мен бас сүйегінің ақауымен туған балаларға бірегей операциялар жасалады. Осындай отаның бірі краниосиностоз диагнозы қойылған 6 айлық Демид есімді сәбиге жасалды, деп хабарлайды клиниканың баспасөз қызметі.
Айта кетейік, мұндай күрделі нейрохирургиялық операциялар Алматыда тек №2 ҚКБА-да ғана жасалады. Ота балаларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен тегін жүргізіледі.
Күрделі манипуляцияны жасауды алғаш қолға алған нейрохирург Азамат Жайылғановтың сөзіне сүйенсек, краниосиностозға шалдыққанда іште жатқан шарананың бас сүйегі бітіп, салдарынан сүйек пішіні бұзылады.
Еңбегі ерте қатып, бас сүйек пішіні бұзылған Демидке краниосиностоз диагнозы 5 айында қойылған.
«Әдетте, баланың бас сүйегі үнемі өзгеріп отырады. Сүйек бөліктері бір-біріне тігіспен жалғанған, бұл оның дұрыс өсуіне мүмкіндік береді. Табиғатта баланың еңбегі шамамен екі жаста жабылады. Ал краниосиностозға шалдыққан баланың еңбегі ерте жабылып, бастың жабылмаған тұсы өсіп пішіні бұзылады», — дейді дәрігер.
Бұл тек көзге қораш көрінетін дерт емес. Дер кезінде шара қолданбаса миға қысым күшейіп, баланың психикалық дамуы тежеледі, соқырлық, мүгедектік сынды бірқатар неврологиялық проблемаларға душар болуы мүмкін.
Демидке шағын инвазивті хирургиялық операция жасалды.
Бала отадан кейін төртінші күні ауруханадан шықты.
Әкесінің айтуынша, хирургиялық емнің нәтижесі бірден көріне бастаған. Бастапқыда диагноз қойылғаннан кейін сарыуайымға салынған ата-ана баланы шетелге апарып емдету жағын ойластырыпты.
«Қазір Демидтің жағдайы жақсы, ақылды бала болып өсіп келе жатыр. Мұның бәрі қазақстандық балалар нейрохирургтерінің, қолы алтын дәрігер Азамат Әбікенұлының арқасы», — дейді баланың әкесі.

АЛАШТАНУШЫ МӘМБЕТ ҚОЙГЕЛДИЕВ – 80 ЖАСТА

Абай университетінде тарихшы-ғалым, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының...

АҚШ-тан бекер қайтып келген жоқ»: танымал заңгер туралы тың дерекпен бөлісті

Белгілі заңгер әрі құқық қорғаушы Айгүл Орынбек «Нұр Отанның»...

«Нұр Отанның» бұрынғы идеологы 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Б., К. Н.-ға қатысты...

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан: задачи и перспективы

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан направлена на создание...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ЕЛДІГІМІЗДІҢ АЙҒАҒЫ

Тіл – ұлттың рухани тірегі, тарихи жады мен мәдени...