Алматыда электр энергиясы қымбаттады

Алматыда электр энергиясы қымбаттады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қалалық мәслихаттың кезектен тыс ХІ сессиясы барысында белгілі болды.

«1 қарашадан бастап электр энергиясына тариф: 1 киловатт/сағ үшін заңды тұлғаларға — 1,2 пайызға (0,31 теңгеге – 26,4 теңгеден 26,7 теңгеге дейін), жеке тұлғаларға – 7 пайызға (1,51 теңгеге – 21,6 теңгеден 23,1 теңгеге дейін) көтерілді», — деді Алматы әкімі орынбасары Асқар Амрин.

Сондай-ақ, ол әлеуметтік жағынан осал азаматтарға қосымша қолдау көрсету мақсатында өтемақы көлемін 0,6 АЕК-ке (2070 теңге) дейін көтеру және мәслихаттың тиісті шешімін қабылдау ұсынылып отырғанын хабарлады.

«Бұл тұрғын үйге берілетін әлеуметтік көмекті 345 теңгеге арттыруға мүмкіндік береді», — деді Алматы әкімінің орынбасары.

Бүгін Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

23 наурыз – Тазару күні аясында Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді.

Бүгін барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды 

"Қазгидромет" 23 наурызға арналған дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер Астана, Шымкент қалаларында, 16 облыста, сондай-ақ Алматы тауларында қауіпті ауа райы құбылыстары күтілетінін ескертті.

Иран әуе кеңістігін жабу мерзімін ұзартты 

Иран билігі елдің әуе кеңістігіндегі ұшуларға қойылған тыйымды 29 наурызға дейін ұзартты.

Дәстүрдің экологиялық бейнесі: Алматыда қайта өңделген материалдардан жасалған ер-тоқым көрсетілді

Алматыдағы «Атакент» көрме орталығы алдындағы алаңда Бостандық ауданы әкімдігінің қолдауымен Funk креативті агенттігі ұйымдастырған «Наурыз Береке Мереке» атты ауқымды фестиваль өтті.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады 

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады