Алматыда фильм түсіруге бөлінген 400 миллион теңгеден аса қаржы ұрланған — прокуратура

Алматы прокуратурасы ұлттық киноны қолдауға бөлінген бюджет қаражатының ұрланғанын анықтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы прокуратурасы «Шәкен Айманов атындағы Қазақфильм» Акционерлік қоғамын тексеру қорытындысы бойынша аса ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлау дерегі бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады.

«Алдын-ала мәлімет бойынша, фильм түсіруге бөлінген 400 миллион теңгеден астам қаржының ұрланғаны анықталды.

Соталды тергеп-тексеруді Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізіп жатыр», — делінген хабарламада.

Бүгін Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

23 наурыз – Тазару күні аясында Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді.

Бүгін барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды 

"Қазгидромет" 23 наурызға арналған дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер Астана, Шымкент қалаларында, 16 облыста, сондай-ақ Алматы тауларында қауіпті ауа райы құбылыстары күтілетінін ескертті.

Иран әуе кеңістігін жабу мерзімін ұзартты 

Иран билігі елдің әуе кеңістігіндегі ұшуларға қойылған тыйымды 29 наурызға дейін ұзартты.

Дәстүрдің экологиялық бейнесі: Алматыда қайта өңделген материалдардан жасалған ер-тоқым көрсетілді

Алматыдағы «Атакент» көрме орталығы алдындағы алаңда Бостандық ауданы әкімдігінің қолдауымен Funk креативті агенттігі ұйымдастырған «Наурыз Береке Мереке» атты ауқымды фестиваль өтті.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады 

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады