Алматыда тергеу изоляторының қызметкерлері өткен жылы 111 қылмыстың бетін ашты

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД №72 мекеме қызметкерлері 2023 жылдың ішінде 111 қылмыстың бетін ашты.

Сондай-ақ мекеменің жедел бөлімінің мамандары Түрксіб аудандық полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесе отырып, 2015 жылдан бері ашылмай келе жатқан адам өлтіру фактісін анықтады.

Жыл бойы жүйелі түрде жүзеге асырылған 7 мыңға жуық тінту жұмыстарының нәтижесінде 41 факт телефон табылса, бұдан басқа да кесу-тесу заттары, ақша және спирттік ішімдіктер тәркіленіп, жеткізу әдісімен мекеме аумағына есірткілік зат өткізбекші болған 11 факт белгілі болды.

Жуырда №72 мекемеде 2023 жылғы жедел-қызметтік жұмыстың қорытындысына арналған жедел кеңеске Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары Асет Джумадиев төрағалық етіп, жеке құрамға Мемлекет басшысы мен ішкі істер министрінің 22 қаңтарда Ішкі істер министрлігі алқасының кеңейтілген отырысында ішкі істер органдарына берген тапсырмаларын жеткізді.

Жедел кеңес барысында ҚАЖ мекемелеріндегі ұстау режимін бақылау, тыйым салынған заттардың түсу арналарын жабу, қылмыстық жазаларды орындау кезінде заңдылықтарды сақтау, жеке құрам арасындағы тәртіпті және заңдылықты күшейту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды нығайту мәселелері талқыланды.

АҚШ-тан бекер қайтып келген жоқ»: танымал заңгер туралы тың дерекпен бөлісті

Белгілі заңгер әрі құқық қорғаушы Айгүл Орынбек «Нұр Отанның»...

«Нұр Отанның» бұрынғы идеологы 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Б., К. Н.-ға қатысты...

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан: задачи и перспективы

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан направлена на создание...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ЕЛДІГІМІЗДІҢ АЙҒАҒЫ

Тіл – ұлттың рухани тірегі, тарихи жады мен мәдени...

Атқарушылық жазба: борышкер мен өндіріп алушының құқықтары

Қазіргі таңда елімізде азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын қорғаудың...