Алматыда дін қызметкерлері республикалық сынақтан өтеді

Республикалық аттестаттау үш күнге жалғасады

Алматыда дін қызметкерлерінің республикалық кезекті аттестаттауы басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі хабарлағандай, шаһардағы 54 мешітте қызмет ететін имамдар мен ұстаздар сараптау комиссиясының сынағынан өтеді.

«Сынақ барысында дін қызметкерлеріне қырағат, тәжуид, ақида, фиқһ, Ислам тарихы салалары бойынша сұрақтар топтастырылған билеттер ұсынылды. Дін қызметкерлерінің білімін сараптап, біліктілігін бағалау үшін ҚМДБ қызметкерлерінен құралған комиссия мүшелері қосымша тапсырмалар беріп, мешіт ережесі, концептуалды құжаттар, басқа да әкімшілік сауалдар арқылы біліктілік деңгейін анықтайтын болады», — деп хабарлады Алматы орталық мешіті.

Айта кетейік, Алматы қаласының дін қызметкерлерінің білімін сараптауға арналған республикалық аттестаттау үш күнге жалғасады.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына 20 үміткер анықталды

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды...

ҚазҰУ-да «Жасанды интеллект дәуірі: Баспа ісі, медиа және дизайн» атты халықаралық күзгі мектеп басталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ұлттық баспа күніне орай...

Жетісу облысындағы инсульт орталықтарында Cerebra жасанды интеллект жүйесі енгізілді

Жетісу облысындағы барлық инсульт орталықтарында ишемиялық және геморрагиялық инсультті...

Как горный туризм может расширить экономику Алматы

Развитие Алматинского горного кластера и проекта Almaty SuperSki может...