АЛМАТЫДА БІР МЫҢНАН АСТАМ ТҰТҚЫН ДАУЫС БЕРДІ

19 наурыз – Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы күні Алматы қаласы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №72 мекемесіндегі (Тергеу изоляторы) тұтқындар да сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді.

ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 104 бабының 3 бөлігінде көзделгендей сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын сотталғандардан басқа күдіктілердің сайлауға қатысуға құқықтары бар. Аталған санатқа тергеу тұтқынындағылар мен соттың үкімі әлі күшіне енбеген, жасы он сегізге толған азаматтар жатады.

Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық кезінде Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің шешімімен Тергеу изоляторы орналасқан аумақ бойынша №479 сайлау учаскесі құрылып, учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері бекітілді.

№72 мекемесінде сайлау өткізу үшін 5 кабина жабдықталып, үгіт-насихат жұмыстары жүргізілген болатын. Сонымен қатар сайлау учаскесіне бейнебақылау орнатылып, аталған ғимараттың өрт қауіпсіздігіне комиссиялық түрде тексеру жүргізілді.

«Осындай маңызы зор саяси науқанға №72 мекемесіндегі тергеу қамауындағылар да белсенді түрде атсалысты. 19 наурыз күні таңғы 7:00-ден бастап тергеу изоляторындағы дауыс беруге құқылы мыңнан астам күдікті дауыс берді. Оларға алдын ала ҚАЖ департаментінің қызметкерлері Парламент мәжілісі мен мәслихат депутаттығына кандидаттармен танысу үшін ақпараттық материалдар ұсынған болатын», — деді сайлау учаскесінің төрағасы мекеме бастығы әділет подполковнигі А. Капышев.

Пересмотреть контроль за иностранным финансированием предложили в Казахстане

В Мажилисе озвучили предложение пересмотреть подходы к регулированию иностранного...

СЛУЖЕНИЕ ЗАКОНУ И ОБЩЕСТВУ

В преддверии Дня государственного служащего Республики Казахстан выражаем признательность...

Взаимная заинтересованность

ДЕЛЕГАЦИЯ ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ВО ГЛАВЕ С АКИМОМ РЕГИОНА НАРИМАНОМ...

Мост между теорией и практикой 

В МЕЖРАЙОННОМ СУДЕ ПО ГРАЖДАНСКИМ ДЕЛАМ ГОРОДА СЕМЕЙ СОСТОЯЛОСЬ...