Алматыда ауадағы азот диоксидінің деңгейі нормадан 2,6 есеге артады

30 қаңтарда Алматыда ауаның ластану деңгейі жоғары болады деп күтіледі. Қалада ауадағы азот диоксидінің мөлшері шекті рұқсат етілген концентрациядан 2,6 есеге асады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК мәліметіне сілтеме жасап.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел екіпін 5 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 7-9 градус аязға дейін төмендейді, күндіз 0-2 градусқа дейін көтеріледі. 30 қаңтарда, 31 қаңтарға қараған түні метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Жалпы, қалада ауаның ластану деңгейі жоғарылайды деп күтіледі. Ауадағы артық азот диоксиді 2,6 есе, PM2,5 бөлшектері — 3,3 есе болады.

PM2,5 — бұл құрамына қатты микробөлшектер де, ұсақ сұйық тамшылар да кіретін ауаны ластаушы зат. Ірі бөлшектерден айырмашылығы, олар биологиялық кедергілерді жеңе отырып, денеге енеді, сондықтан адам денсаулығына қауіп төндіреді.

Сонымен қатар, үш қалада – Қостанай, Қарағанды ​​және Ақтөбеде ауаның ластану деңгейі жоғарылайды деп күтіледі.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына 20 үміткер анықталды

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды...

ҚазҰУ-да «Жасанды интеллект дәуірі: Баспа ісі, медиа және дизайн» атты халықаралық күзгі мектеп басталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ұлттық баспа күніне орай...

Жетісу облысындағы инсульт орталықтарында Cerebra жасанды интеллект жүйесі енгізілді

Жетісу облысындағы барлық инсульт орталықтарында ишемиялық және геморрагиялық инсультті...

Как горный туризм может расширить экономику Алматы

Развитие Алматинского горного кластера и проекта Almaty SuperSki может...