spot_img
spot_img

АЛМАТЫДАҒЫ БАЛАЛАР КОЛОНИЯСЫНА АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУШЫЛАР КЕЛДІ

Бүгін Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №11 мекемесіне (Балалар колониясы) Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев және бала құқығы жөніндегі омбудсмен Аружан Саин келіп, кәмелеттік жасқа толмаған сотталғандарды ұстау жағдайымен танысты.

Олар сотталған жасөспірімдер жазасын өтейтін мекеменің тұрмыстық және өндірістік аумақтарын аралап, жасақтарда болды. Сондай-ақ асхананы, клубты, кітапхананы, акт залын, медициналық кабинетті және ұзақ кездесулер өткізуге арналған бөлмелерді қарап шықты.

Сотталған балалармен кездесу барысында құқық қорғаушылар жазалы жасөспірімдердің сұрақтарына жауап берді.

«Сотталған азаматтардың жеке сұрақтарына жауап беру кешенді жұмыстың маңызды бөлігі болып табылады. Бұл пенитенциарлық жүйедегі жүйелік мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді. Барлық көтерілген мәселелер жабық мекемелерде ұсталатын адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету бойынша одан әрі шаралар қабылдау үшін талданатын болады», — деп атап өтті Артур Ластаев.

Негізінен балалар сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға, кездесулерді ұйымдастыру мен өткізудің нормативтік тәртібіне қатысты сұрақтар қойды.

Сонымен қатар бала құқығы жөніндегі омбудсмен А.Саин Алматы қаласы ҚАЖД мекемелерінің басшыларын қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын кәмелетке толмағандардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өңірлік өкілімен өзара байланыста жұмыс жасауға шақырды.

Қылмыстық істердің әскери соттарға соттылығы

Егемен еліміздің әскери соттары 1992 жылдан бастап жұмыс істейді....

Последний атаман казахского кино…

УШЕЛ ИЗ ЖИЗНИ АСАНАЛИ АШИМОВ. ВЕЛИКИЙ АКТЕР. НАША ГОРДОСТЬ....

Орталық Азия – Жапония: жаңа стратегиялық диалог

2025 жылғы 20 желтоқсанда Токио қаласында өткен «Орталық Азия...

Құқықтық мәдениет: ұғымы, құрылымы және қоғамдағы рөлі

Құқықтық мәдениет – құқықтық мемлекеттің негізін құрайтын маңызды қоғамдық...

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде қоғам үшін қауіптілігі

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына елеулі қауіп төндіретін...