Үржар ауданында алимент төлеуден жалтарған қашқын әкелерді жазаға тарту жалғасып жатыр. Абай облысы Үржар ауданында алимент төлеуден қасақана жалтарғаны үшін бір азамат сотталды. Алимент төлеуден жалтарған әкелерге қолданыстағы заң бойынша екі жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік және 5 тәуілікке дейін қамауға алу түріндегі әкімшілік жауапкершілік қарастырған. Әкімшілік жазаларды елемейтін адамдар да аз емес. Ондай борышкерлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Көп жағдайда ата-аналар өз кірістерін жасырады.Тіптен еш жерде жұмыс істемесе немесе ресми түрде жұмысы жоқ болса алимент төлеудің қажеті жоқ деген қате пікірмен жүре береді. Алайда бұл мүлде қате ұғым, жұмыссыз болса да заң алименттен босатпайды. Мысалы борышкер Д. бұған дейін бірнеше рет алимент төлемегені үшін әкімшілік жауакершілікке тартылса да, өзіне тиісті қорытынды жасамай, қасақана жалтаруды жалғастырған.Сөйтіп азамат Д. өзінің кәмелет жасына толмаған 2017 жылы туған А. есімді баласына төленбеген қарызы 1 810 905 теңгені құраған. 20.03.2023 жылы Абай облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотымен ҚР ҚК-ң 139 бабымен 1 (бір) жылға бас бостандығын шектеу жазасына сотталып, Абай облысы Үржар аудандық № 1 Пробация қызметінінің есебіне алынды. Қазіргі ауқытта сотталған азамат Д. өз жазасын өтеуде.Осындай қатаң шаралар қабылдауға жеткізбей , ата-аналарды өз міндеттемелерін уақытылы орындауға шақырамыз.Мемлекет басшысы атап өткендей, өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы-біздің жалпы ұлттық міндетіміз.
Абай облысы бойынша ҚАЖД-ң
Үржар аудандық № 1 Пробация қызметінің испекторы әділет майоры Қ.Мұқанов


