Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 28 ақпан — 1 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Метеорологтар болжамы бойынша, алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде ауа райына Атлантикалық циклон ықпал етеді. Қар, көктайғақ, тұман, екпінді жел, республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде боранмен қатты жауын-шашын болады. Тек оңтүстік-шығыста, 28 ақпан — 1 наурыз аралығында елдің шығысында жоғары атмосфералық қысым өрісінің әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады.

«Қазақстан Республикасының басым бөлігінде ауа температурасы бірте-бірте көтеріледі деп күтіледі. Күндіз Қазақстан Республикасының солтүстік жартысында термометрлер 3-5 градусқа дейін, ал оңтүстік жартысында ауа температурасы 15-20 градусқа дейін жылынады, тек батыста және солтүстік-батыста ауа температурасы күндіз 0-10 градусқа дейін біртіндеп төмендейді деп күтіледі», — делінген хабарламада.

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Түркістанда «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы Ясауитану ғылыми орталығының...

Право быть разными и оставаться равными – казахстанская модель общественного согласия представлена в Варшаве

Равенство прав, уважение к культурному многообразию и доступность социальной...

Сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасаудың жаңа сотқа дейінгі тәртібі

Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 24 маусымдағы № 325-VIII «Атқарушылық...

Мемлекеттік аукциондарда сатып алынған көлік құралдарын тіркеу және сотқа дейінгі шағымдану тәртібін сақтау туралы

Тәжірибеде мемлекеттік аукциондарда тәркіленген көлік құралдарын сатып алған азаматтардың...