АИТВ-ны анықтау талап етілуде

Қазақстанда соңғы 10 жылда медициналық мекеме жағдайында адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыру алғаш рет тіркелді. Сондықтан  мұндай фактілердің алдын алу мақсатында Бас прокуратура Денсаулық сақтау министрлігіне стационарлық, амбулаториялық-емханалық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін ведомстволық бағынысты медициналық мекемелерде кешенді тексерулер жүргізу туралы талап жіберді.

Бүгінде Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында үш пациенттің АИТВ инфекциясын жұқтыру фактісі бойынша ішкі істер органдары Қылмыстық кодекстің 118-бабының 3-тармағында айқындалған  екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтырған азаматтар үшін қарастырылған талап бойынша  бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеруде.      Оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау бойынша шаралар қабылдана бастады. Бірінші кезеңде 549 медициналық мекемені тексерулермен қамту жоспарлануда. Бұл мәселе Бас Прокурордың ерекше бақылауында.                                                     

А.Тұрмағанбетова,

«Заң газеті»

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....