12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Азаматтық істерді оңайлатынған тәртіпте қарау тәртібі

Қазақстан Республикасының сот жүйесі, оның ішінде сот істерін қарау бірізділендірілген.  Осыған дейін қолданып келген, бірақ тиімсіз нормалар қолданыстан шығып, орнына қажетті, көптеген тәжірибемен қалыптасқан нормалар өмірге келді. Соның бірі – 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодекстің (бұдан әрі — АПК) оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібінде азаматтық істерді қарау.

Негізгі мақсат – оңайлатылған іс жүргізу арқылы сот тараптарды шақырмай және сот отырысын жүргізбей тараптардың ұсынған құжаттарын зерделеу негізінде оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібінде сот шешімін қабылдау.

Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібінің ерекшелігіне сай, егер талап қою бағасы заңды тұлғалар үшін – екі мың айлық есептік көрсеткіштен, дара кәсіпкерлер, азаматтар үшін бір мың айлық есептік көрсеткіштен аспаса, ақшаны өндіріп алу туралы талап қоюлар, сондай ақ талап қою бағасына қарамастан, талап қоюшы ұсынған, жауапкердің ақшалай міндеттемелерін белгілейтін құжаттарға және (немесе) шарт бойынша берешекті растайтын құжаттарға негізделген талап қоюлар бойынша істер оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралуға жатады.

Талапқа сай алиментті өндіріп алу туралы дауларды қоспағанда, балалардың құқықтарын қозғайтын даулар бойынша істер оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралуға жатпайтынын ескерген жөн.

Жоғарыда көрсетілген мән-жайлер негізінде судья істі оңайлатылған тәртіпте қарау туралы шешім қабылдайды. Ол туралы талап қоюды сот өндірісіне алу туралы ұйғарымда көрсетеді.

Басты ерекшелік мұндай тәрте қаралатын істер электронды нысанда жүргізіледі. Егер тараптар істі қағаз нысанда қарауды өтінсе, онда сот істі қарауды электронды нысаннан қағаз нысанға көшеді.

Сот тараптарды істі оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізуде қарау туралы ол қабылданған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей хабарландыруды қамтамасыз ететін кез келген құрал арқылы (тұрғылықты мекен жай, сот кабинеті, электрондық пошта, ұялы байланыс операторы, тараптарды хабардар етеді.

      Хабарламада сот тараптардың татуластыру рәсімдері шеңберінде дауды реттеуге құқығы туралы, сондай-ақ осы Кодекстің 73-бабының бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес дәлелдемелерді өзара ашу және ұсыну құқығы туралы көрсетеді.

         Жауапкер сотпен белгіленген мерзім ішінде өзінің талап қоюды мойындау немесе қарсылық келтіруге құқылы. Егер талапқа қарсы болса онда оны негіздейтін дәлелдемелерін сотқа ұсынуға міндетті.

      Талап арызға қарсы пікірді сотқа ұсынбау іс бойынша шешім қабылдауға кедергі келтірмейді.

Егер,  тарап бұл туралы өтінішхат берсе; үшінші тұлғаның іске кіруі туралы өтінішхаты қанағаттандырылса; қарсы талап қою қабылданса; осы іс бойынша қабылданған сот актісімен басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы мүмкін болса; дәлелдемелерді олардың тұрған жерінде қарап тексеру және зерттеу жүргізу, сараптама тағайындау немесе куәның айғақтарын тыңдау қажет болса; қосымша мән-жайларды анықтау немесе қосымша дәлелдемелерді зерттеу қажет болса, істі талап қою ісін жүргізу қағидалары бойынша қарауға көшеді.

Судья істерді арыз қабылданған күннен бастап бір ай мерзімде тараптарды сот отырысына шақырмай, тараптардың ұсынған құжаттары мен дәлелдемелері негізінде шешім қабылдайды.

Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралған іс бойынша сот кіріспе және қарар бөліктерден тұратын қысқаша шешім шығарады.

Егер тараптар сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін тараптың жазбаша өтінішхаты келтірсе, онда сот кіріспе, уәждеу және қарар бөліктерден тұратын шешімді дайындайды.

Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралған істер бойынша тараптардың өкілге (адвокат, заң консультанты) кеткен шығындары тарапқа көрсетілген кеңес беру, сотқа дейінгі дауды шешу және арызды сотқа дайындау шығыстары шегінде өндірілуі мүмкін.

Жауапкер талап қою арызының келіп түскені және оның оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралатыны туралы тиісті түрде хабарландырылмаған және пікірді, сондай-ақ шешімнің мазмұнына әсер ете алатын дәлелдемелерді ұсына алмаған жағдайда сот шешімінің көшірмесін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы шешімнің күшін жою туралы арыз беруге құқылы. Егер арыз қанағаттандырылса, онда сот шешімнің күшін жойып, істі жалпы тәртіпке қарау туралы шешім қабылдайды.

          Аталған тәртіпте іс қарау кезінде тараптар татуласу рәсімінің кез-келген түрін қолдану арқылы, істі бітіммен аяқтауға құқылы екенін ескерген жөн.

Айнұр Әбілқайысқызы

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономкалық сотының судьясы

Тараптарды азаматтық істер бойынша хабарландыру

Азаматтық процесс — бұл сот пен процеске қатысушылар арасындағы...

Колонию Астаны посетила представитель Уполномоченного по правам человека

С ознакомительным визитом колонию-поселения посетила представитель Уполномоченного по правам...

ТҰТЫНУ ТАУАРЛАРЫ ҚАТАРЫНДА ЖҰМЫРТҚА ӨНДІРІСІНІҢ ҮЛЕСІ АРТТЫ

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, жан басына шаққандағы жылдық жұмыртқа...

ДӘРІГЕРЛЕР ЕРЛЕДІ

Биыл көктем елімізге жайлы болмады. Дегенмен, осынау қиын кезде...

ӨҢІРДЕ ӨНІМДІ ІС КӨП

Ақмола облысында инвестицияларды тарту және инвестициялық жобаларды іске асыру...