12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Азаматтық істердің соттылық мәселесі

Соттылық – бірінші сатыдағы соттарда қаралуға жататын істерді құзыреттілігі бойынша соттар арасында бөлу, яғни азаматтық істі қарауға тиісті нақты сотты белгілеу.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 3-тармақшасында өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды деп көрсетілген. Сондықтан соттылық азаматтық істерде соттылық мәселесі ерекше мәнге ие.

АПК-нің 29-бабында талап қою жауапкердің тұрғылықты жері бойынша сотқа беріледі. Өз кезегінде жеке тұлғаның, оның ішінде заңды тұлға құрмай жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның тұрғылықты жері Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген қағидалар бойынша айқындалады.

АПК-да белгіленгендей заңды тұлғаға талап қою құрылтай құжаттарына сәйкес және (немесе) Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілген мекенжайға сәйкес заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша сотқа беріледі. Заңды тұлға құрмайтын ұйымға талап қою оның орналасқан жері бойынша беріледі.

Сонымен қатар АПК-да талап қоюшының таңдауы бойынша да соттылық қарастырылған. Тұрғылықты жері белгісіз не Қазақстан Республикасында тұрғылықты жері жоқ жауапкерге талап қою оның жылжымайтын мүлкінің орналасқан жері бойынша (заңды тұлғаға да қатысты) немесе оның ең соңғы белгілі тұрғылықты жері бойынша берілуі мүмкін.

Заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің қызметінен туындайтын талап қою филиалдың немесе өкілдіктің орналасқан жері бойынша да берілуі мүмкін. Мұндай жағдайда филиалдың немесе өкілдіктің тіркелгені, мүліктік жағдайы ескерген жөн.

Сонымен қатар талап қоюшы әке болуды анықтау туралы және алименттерді өндіріп алу туралы талап қоюларды өзінің тұрғылықты жері бойынша беруі мүмкін екенін назарда ұстау қажет.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы талап қоюлар шарттың жасалу немесе орындалу орны бойынша немесе талап қоюшының тұрғылықты жері бойынша да берілуі мүмкін.

Егер бірнеше жауапкерге талап қоюлар талап қоюшының таңдауы бойынша жауапкерлердің бірінің тұрғылықты немесе орналасқан жері бойынша берілуі мүмкін, ал оны таңдау құқығы талап қоюшыға тиесілі екенін ескерген жөн.

Сонымен қатар тараптар өзара келісім бойынша істі сот талқылауына дайындау сатысында осы іс үшін, оның ішінде соттың іс жүргізуінде жатқан істер бойынша аумақтық соттылықты өзгерте алады, эксаумақтық соттылықты таңдай алады.

Алайда соттылықты тараптардың келісімімен өзгертуге болмайтын жағдайлар да қарастырылған. Оған жер учаскелеріне, ғимараттарға, үй-жайларға, құрылыстарға, жермен тығыз байланысты басқа да объектілерге; мұра қалдырушының кредиторларының мұрагерлерге, өсиетті орындаушыға; жүктерді, жолаушыларды немесе багажды тасымалдау шарттарынан туындайтын тасымалдаушыларға қатысты талап қоюлар. Мұндай жағдайда талап қоюлар мүліктің, объектінің, мұраның, тасымалдаушының орналасқан жер бойынша беріледі және сол жерде орналасқан соттың соттылығына жатады.

          Жер учаскелеріне, ғимараттарға, үй-жайларға, құрылыстарға, жермен тығыз байланысты басқа да объектілерге (жылжымайтын мүлік) құқықтар туралы, жылжымайтын мүлікті тыйым салудан босату туралы, кепілге салынған жылжымайтын мүлікке өндіріп алуды қолдану, жылжымайтын мүлік кепілінің шартын тоқтату не жарамсыз деп тану туралы талап қоюлар осы объектілердің орналасқан жері бойынша беріледі. Егер жылжымайтын мүлік объектілері әртүрлі елді мекендерде орналасқан болса, талап қою объектілерінің бірінің орналасқан жері бойынша сотқа, егер жылжымайтын мүлік объектілері бір елді мекеннің аумағында орналасқан болса, талап қою объектілерінің бірінің орналасқан жері бойынша сотқа беріледі.

 Дербес талапты мәлімдеуші үшінші тұлғаның талап қоюы және қарсы талап қою, бұлардың соттылығына қарамастан, бастапқы талап қою қаралатын жердегі сотқа беріледі. Бір жауапкерге бірнеше талап қою берілген кезде, егер даудың нысанасы немесе негізі соттың іс жүргізуінде жатқан істегі даудың нысанасына немесе негізіне байланысты болса, ал мұндай талап қоюлардың соттылығы соттың іс жүргізуінде жатқан істің соттылығын бұзбаса, сот оларды бір іс жүргізуге біріктіруге құқылы.

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар, басқа соттың соттылығына жататындығы заңда айқындалған істерді қоспағанда, тараптары заңды тұлға құрмай жеке кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар болып табылатын мүлiктiк және мүлiктiк емес даулар бойынша, сондай-ақ корпоративтік даулар бойынша азаматтық iстердi қарайды және шешеді.

      Корпоративтік дауларға олардың тарапы коммерциялық ұйым, коммерциялық ұйымдар қауымдастығы (одағы), коммерциялық ұйымдар және (немесе) жеке кәсіпкерлер қауымдастығы, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзін-өзі реттейтін ұйым мәртебесі бар коммерциялық емес ұйым және (немесе) оның акционерлері, оның ішінде бұрынғы акционерлеріне қатысты даулар жатады.

      Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қаржы ұйымдарын және банк конгломератына бас ұйым ретінде кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау туралы істерді, дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың берешегін қайта құрылымдау, оларды оңалту және олардың банкроттығы, сондай-ақ оларды банкроттық рәсімін қозғамай тарату туралы істерді де қарайды.

Айнұр Әбілқайысқызы

Қызылорда облысының мамандандырылған

ауданаралық экономикалық сотының судьясы

Жаңа кассациялық сот

 Мемлекет басшысы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық...

«Е-апостиль электрондық қызметін қалай тез алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа...

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...