12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Азаматтық істердің кейбір санаттары ювеналдық соттар құзырына берілді

Отбасылық сот пилоттық жобасын қолға алу елдегі отбасылық құндылықтарды нығайтып, жанұядағы жарасымдылықты сақтауға негізделген еді. Осы жоба шеңберінде көптеген игі істер жүзеге асырылды. Ең бастысы, некені сақтауға, ажырасудың алдын алуға, балаларды отбасылық келіспеушіліктерден қорғап, зардап шектірмуге басымдық берілді. Бұл жерде мәселеге тек тәрбие, әлеуметтік жағдай тұрғысынан ғана қарап қоймай, жұптарға, балаларға психологиялық кеңес беру, жол көрсету қаперге алынғанын айта кету керек.

Жалпы, пилоттық жоба отбасы-неке қатынастарынан туындайтын дауларды азайтуға, туыстар арасындағы сыйластық пен жақындықты нығайтуға бағытталған. Енді міне, сынақ кезінде өзінің қоғамға керек екенін көрсетіп, тиімділігін дәлелдеген бұл жобаны іс барысында қолданатын да кез келді.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 27 наурызда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне процестік заңнаманы жетілдіру және сот жүйесін реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға  қол қойғаны белгілі. Бұл заң отбасылық сот пилоттық жобасы шеңберінде жүзеге асырылып, сыннан өткен тетіктерге заңдық сипат беруді көздейді. Президент қол қойған жаңа өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, балалардың мүдделеріне қатысты заңдардың жекелеген ережелері нақтыланып отыр.  Осыған орай бұған дейін азаматтық соттарда қаралып келген азаматтық істердің кейбір санаттары кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған соттардың құзыретіне берілді. Осылайша ағымдағы жылдың 1-қыркүйегінен бастап ювеналды соттар кәмелетке толмаған ортақ балалары бар ерлі-зайыптылар арасындағы некені бұзу, алименттердің мөлшерін өзгерту, кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға алимент төлеуден, алименттер бойынша берешекті төлеуден босату, кәмелетке толмағандардың мұрагерлік құқықтарын қорғау істерін қарайды. Ажырасқан жұптардың кәмелетке толмаған балалар болған кезде мүлікті бөлу де осы ювеналдық соттар құзырына кірмек. Қазақстан Республикасына заңсыз алып келген немесе Қазақстан Республикасында ұсталып отырған баланы кері қайтару туралы немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың негізінде осындай балаға қатысты қолжеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы істер де кәмелетке толмағандар ісін қарайтын сот құзырына берілді.

Осы уақытқа дейін ерлі-зайыптылар некені бұзу үшін азаматтық сотқа жүгінсе, алимент тағайындау, баланың тұрғылықты жерін анықтау бойынша талап қоюды ювеналдық соттарға  жолдап әлекке түсетін. Енді жоғарыда енгізілген түзетуге сәйкес, мұндай істердің бәрі кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған соттардың құзырына беріліп отыр. Мұндай жаңашылдық тараптардың уақытын үнемдеп, оларды әуре-сарсаңнан құтқармақ. Сондай-ақ мұндай өзгеріс онсыз да ажырасу, алимент тағайындау, мүлікті бөлу, баламен кездесу уақытын белгілеу секілді біріне бірі жалғасқан сот процестерінен тараптар сыйластығы одан ары ажырап, балалардың психологиялық күйзелісі тереңдеп кетпеу үшін жасалып отыр. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың соттылығына жатқызылған істер кәмелетке толмаған адамның заңды өкілдерінің өтінішхаты бойынша, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, облыс орталықтарының шегінде орналасқан аудандық (қалалық) соттардың соттылығына жатқызылған істерді қоспағанда, баланың тұрғылықты  жеріндегі аудандық (қалалық) сотта қаралуы мүмкін немесе оған берілуі мүмкін. Аталған соттың өз жұмысын бастауы Қазақстанда ювеналдық әділет жүйесінің дамуындағы маңызды қадам.

Рустам Измайлов,

Алматы қаласы

Әуезов аудандық №2 сотынын судьясы

Жаңа кассациялық сот

 Мемлекет басшысы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық...

«Е-апостиль электрондық қызметін қалай тез алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа...

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...