spot_img
spot_img

Абай Құнанбайұлы шығармалары қазақ халқының құнды мұрасы

Әр халықтың өзіндік рухани негізі бар. Қазақ халқының санасында Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы осындай іргелі негіз болып табылады. Біз білетіндей, Абайдың барлық шығармашылық мұрасы этика мен мораль мәселелеріне арналды, сондықтан оның мұрасы әрқашан біздің рухани байлығымыз болып қала береді.

Ұлы Абай-еліміздің мақтанышы ғана емес, әлемдік деңгейдегі даналық болып табылады. Ол қазақ халқының жан дүниесіне енетін ерекше тұлға. Оның өлеңдері мен қара сөздері — біздің ұлттық болмысымыздың айнасы.

Абай Құнанбайұлы шығармалары аясындағы зерттеу тәжірибесі қазақ данасының философиясын, поэзиясын және мәдениетін терең зерттеуді қамтиды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанынан ашылған Абай ғылыми-зерттеу институтында ғылыми-зерттеу тәжірибесін өткен «7М02312 – Шетел филологиясы (батыс тілдері)» мамандығының 2-курс студенттері Абай Құнанбайұлының шығармаларымен, өлеңдері мен қара сөздерімен тереңінен танысып, ақынның өмірбаяны мен шығармашылығы жайлы едәуір білімдерін нығайтты.

Абай Құнанбайұлы өзінің артынан қалған ұрпаққа, оның ішінде бізге ғасырлар бойы өлмейтін, әрі ұмытылмайтын мұра қалдырды. Ақын қазақ тілінің қаншалықты бай тіл екенін өз өлеңдерінде әртүрлі стилистикалық тәсілдерді қолдану арқылы дәлелдеп өтті. Тәжірибе барысында Абайдың бірнеше өлеңдеріне стилистикалық талдау жасалды. Соның бірі, ақынның 1882 жылы жазған «Қансонарда бүркітші шығады аңға» атты өлеңі. Осы өлеңдегі табиғат көріністерін, өз сезімін және аңшылықтың қызулы, қызғылықты сәттерін сипаттағанда, Абай өзінің жаңаша қалыптанған ақындық мәдениетін танытады.

Бұл өлеңде қазақ халқы мекен еткен жердің қысы туралы, табиғат, бүркіт салуға атқа мініп шыққан анық қазақтың аңшылар тобы, ермек үшін еңбек еткен ширақ, сергек, қажырлы әрекет үстіндегі адамдар туралы сипатталады. Ақын өлеңді шебер жазуы арқылы көз алдымызға қар басқан елсіз таудың тұрғысы, сағасы, қансонар күнгі анық болмыс күйін елестетеді. Ақын өлеңінде түрлі метафора, эпитет, теңеу, метонимия сынды түрлі стилистикалық тәсілдер қолданған. Мысалы, теңеу ретінде «жарқ — жұрқ етіп екеуі айқасады», «жеке батыр шыққандай қан майданға», «ұқсайды қаса сұлу шомылғанға», «таудан жиде тергендей» сынды сөз тіркестерін жатқыза аламыз.

Абайдың даналығы – бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоғалтпайтын қуатты рухани тірек. Ұлы ақын ақылдылықты, адамгершілікті, әділдік пен мейірімділікті дәріптеді. Абай шығармалары тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемге танымал. Ақын өз жұмысында жас ұрпаққа ғана емес, жетілген ұрпаққа да жүгінеді, адамдарды әділ, адал, рухани таза болуға шақырады. Сондықтан оның мұрасының жасы жоқ, ол уақыт пен шекарадан тыс.

Абай ғылыми-зерттеу институтының оқытушысы

Қырғызбаева Айгерім

2-курс магистранттары

Байсариева Дана, Кеңесхан Аңса

Дені саудың — жаны сау!

    БҰҰ Бас Ассамблеясы 2015 жылы қабылдаған Тұрақты даму...

ҚазҰУ Заң факультеті: Қазақстандағы құқықтық білімнің флагманы

 Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Заң факультеті Қазақстанның ең...

Мемлекеттік тіл мерейім!

Мемлекеттік тілге деген құрмет ауыз екі тілде қазақша таза...

Қызылорда да сотталғандар ұлттық ойыннан сынға түсті

Қылмыстық-атқару саласына қарасты №68 мекемесінде шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталғандар...

СИЛА ЖЕНЩИНЫ: ПОБЕЖДАТЬ, ВДОХНОВЛЯТЬ, ЖИТЬ

19 ноября в Алматы в рамках проекта «Розовый октябрь»...