Абай облысы ҚАЖД №20 мекеме қызметкерлері жетім балаларға жаңа жылдық сыйлықтар таратты

Жаңа жыл қарсаңында Абай облысы Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің №20 мекемесінің қызметкерлері қайырымдылық акциясын өткізді. Соның шеңберінде өз қаражаттарына жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 40 балаға сыйлықтар сатып алынып, сотталғандардың қолымен жасалған ойыншықтарды сыйға тартты.

Мекеме қызметкерлері Аяз Ата мен Ақшақар киімдерін киіп, Абай облысы білім басқармасының «Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерімен бірлесе, балаларға Жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады. Баларлардың ерекеше қойылымдарын көріп қайтқан қызметкерлер ерекше сезімге бөленді.

Осылайша, Жаңа жыл қарсаңында №20 мекеме ұжымының әрбір қызметкері өз қаражаты есебінен әлеуметтік қолдауға мұқтаж кішкентай қазақстандықтар үшін мерекелік көңіл-күй сыйлауға өз үлестерін қосты.

ҚР ІІМ ҚАЖД «№20 мекеме» РММ

АЛАШТАНУШЫ МӘМБЕТ ҚОЙГЕЛДИЕВ – 80 ЖАСТА

Абай университетінде тарихшы-ғалым, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының...

АҚШ-тан бекер қайтып келген жоқ»: танымал заңгер туралы тың дерекпен бөлісті

Белгілі заңгер әрі құқық қорғаушы Айгүл Орынбек «Нұр Отанның»...

«Нұр Отанның» бұрынғы идеологы 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Б., К. Н.-ға қатысты...

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан: задачи и перспективы

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан направлена на создание...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ЕЛДІГІМІЗДІҢ АЙҒАҒЫ

Тіл – ұлттың рухани тірегі, тарихи жады мен мәдени...