Абай облысы аумағында «Подучетник» Республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде

Абай облысы бойынша ҚАЖД Тарбағатай аудандық №2 пробация қызметі Ақсуат ауданы аумағында 2023 жылдың 15-25 мамыр айы аралығында «Есептегі тұлға» Республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы бойынша күшейтілген жұмыс түріне көшірілді. Іс-шараның мақсаты: Қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түріне сотталып, өздеріне пробациялық бақылау белгіленген тұлғалардың жаза өтеу барысында, өздерін қоғамға қажетті екендіктерін сезіндіру арқылы болашаққа бейімдей отырып, жаңа қылмыстық іс-әрекеттерге және басқада әкімшілік құқық бұзшылыққа тосқауыл болу негізінде,алдың-алу іс-шаралары жүргізілуде.

 Бұл іс-шараға аудандық пробация қызметі қызметкерлерімен Ақсуат аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары бірлесіп есепте тұрған тұлғалардың жаза өтеу тәртібін қадағалауда. Сондай-ақ, сотталған тұлғаларды тұрғылықты мекен-жайлары бойынша тексеріліп, тұрғын үй- тұрмыстық жағдайларын және олардың өмір сүру деңгейін егжей-тегжейлі зертеп, профилактикалық бірлескен жұмыстар жүргізілуде. Жаза өтеу тәртібін бұзған және әкімшілік құқық бұзушылыққа жол берген тұлғалар анықталған уақытта заң аясында тиісті іс-құжаттар сотқа жолданатын болады.

Абай облысы бойынша ҚАЖД

Тарбағатай аудандық №2 ПҚ

Қазақстанда жол-көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері ғылыми деңгейде талқыланды

Алматы қаласында Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT Университетінің базасында «Қазақстан...

Қылмыстық істерді медиация тәртібімен реттеу

         Қазақстан Республикасының заңнамаларының нормаларымен көзделген жағдайларда қылмыстық іс бойынша...

Жаңа Конституция – әділетті қоғамның берік негізі

Конституция – мемлекеттің құқықтық жүйесінің өзегі, ел дамуының стратегиялық...