Семейде қатаң режимдегі колония қызметкерлері «ТЕКСЕРУ» республикалық режимді-профилактикалық іс-шара өткізу барысында «DA-DA» шырын пакетінің ішіне аса шеберлікпен жасырылып тығылған «Samsung» ұялы телефонын және оған арналған зарядтағыштың мекеме аумағына кіріп кету жолын кесті. Тыйым салынған затты азамат Ерланов (тегі өзгертілді) есірткі таратқаны үшін 4 жылдық жазасын өтеп жатқан сотталған досына туған күнінде қысқа мерзімді кездесуге әкелген. Енді досына сыйлық жасағаны үшін Ерлановты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 481 бабы бойынша әкімшілік жаза күтіп тұр.
«Сотталғандарға тыйым салынған заттарды жеткізудің негізгі арнасы кездесу бөлмелері мен, сәлемдемелер болып табылады. Колонияға келген әрбір азамат келу ережелерімен жазбаша түрде танысады және осы ережелерді сақтамаған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертіледі, бірақ көріп отырғанымыздай бұл оларды тоқтатпайды. Телефон арқылы жазасын өтеп жатқан қылмыскер тыйым салынған зат дер кезінде тоқтатылмаса, темір тордың ар жағында отырып-ақ тағы да қылмыс жасауы мүмкін. Міне, сондықтан да режим бөлімнің тексеру тобына тәжірибесі мол мен кәсіби қабілетті қызметкерлер іріктеліп қабылданады», — дейді №19 мекеме бастығының орынбасары Нұржан Шидебаев


