Абай облысында жазасын өтеушілерге ауызашар ұйымдастырылды

Қасиетті Рамазан айының оразасы кезінде Абай облысы бойынша ҚАЖ департаменті №20 мекемесінде «Аманат» деструктивті діни ағымдардан жапа шекендерге көмек көрсету орталығы мен «Тас мешітінің» бас имамымен бірлесе отырып жазасын өтеушілерге ауызашар қоржыны үлестіріліп, Рамазан айының ерекшеліктері мен ораза ұстау тәртібі жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

«Айлардың сұлтан – Рамазан айы, бұл айда адам баласының біліп білмей жасаған күнәлері кешіріліп, тура жолға түсуге мүмкіндіктер ашылады. Сауапты іс жасау, әрбір жанның парызы деп, ауызашар азық-түліктерін таратуды жөн көрдік. Жалпы бүгінгі іс-шараның негізгі мақсаты, өмірде жаза басып темір тордың ар жағына түскен жандарға айтылған насихаттар арқылы рухани демеу көрсету болып табылады»,-деп түсіндіріп өтті Тас мешітінің бас имамы Нұрбек Нәдірұлы Салимов.

«Ораза ұстап жүргеніме 3 жыл болды. Бостандықта жүрген кезімде ораза ұстап көрмеген едім, ол кезде шыдамсыз болдым. Менің түсінгенім Рамазан айы бізді шыдамдылыққа үйретіп, тура жолға түсуге мүмкіндіктер ашатын ай. Ауызашар беріп отырған «Аманат» орталығының қызметкердлері және мешіт қызметкерлеріне алғысымыз шексіз» — деп жауап берді Берік есімді сотталған.     

Диагностиканың жаңа деңгейі: Қонаевта бактериологиялық зертхана ашылды

Қонаев қаласының көпсалалы ауруханасында заманауи бактериологиялық зертхана өз жұмысын...

Новый уровень диагностики: в Конаеве открылась бактериологическая лаборатория

В Многопрофильной больнице города Қонаев начала работу современная бактериологическая...

Су қорының жері жекеменшікке берілмейді

         Алматы облысы жер ресурстарын басқару департаментінің жауапкер «AL-agro...

ПРЕЖДЕ ЧЕМ СКАЗАТЬ «ДА», НУЖЕН ЛИ БУДУЩИМ СУПРУГАМ «СЕМЕЙНЫЙ ПРАВОВОЙ МИНИМУМ»?

Семья начинается с чувств. Ответственность за семью должна начинаться...

Безопасность на дорогах — обязанность ответственных организаций

Специализированным межрайонным административным судом Туркестанской области рассмотрено дело, касающееся...