Абай облысындағы қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде шекара басқармасының әскери қызметшілері үшін экскурсиясы өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖД №19 мекемесі Абай облысы бойынша ҚР ҰҚК ПДҚ «Семей» шекара басқармасының Шекара қызметі департаментінің бастығының орынбасары полковник С.Баймұхановтың басшылығымен келген әскери қызметшілерге арналған экскурсия ұйымдастырды.
Түзеу мекемесіне кіру барысында мекеме бастығының орынбасары әділет подполковнигі А.А.Калелов пен сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бастығы әділет капитаны А.М.Керімхановтың сүйемелдеуімен қонақтар сотталғандарға арналған асхананы, жасақтардың тұрғын үй-жайларын, сондай-ақ мекеменің спорт залы мен өндірістік учаскелерін аралап шықты.
«Түзеу мекемесінде отырған сотталғандардың өз істеріне қатты өкінетінін көрсету бұл керемет әсер етеді», — дейді «тәрбие экскурсиясы» барысында әскери қызметшілердің бірі.
Алдын алу және ескерту үшін, сондай-ақ адамгершілік қағидаттарын қалыптастыру үшін мұндай тәжірибені жоспарлы негізде қолдану алдағы уақыттада жоспарлануда, осылайша әркім, мейлі басшы болсын, мейлі қарапайым қызметші болсын, құқық бұзушылық жасаған жағдайда оның қандай салдары болатынын нақты түсініп, сезіне алады.
«Қылмыстық-атқару заңнамасының мақсаты сотталғандарды түзету ғана емес, сонымен қатар, жаңа қылмыстардың алдын алу болып табылады»,- деді мекеме бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары Айдын Калелов.

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КӨШПЕНДІЛЕР ӨРКЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ МӘСӘЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Абай университетінде «Көшпенділік – мәдениет пен өркениет түрі: заманауи...

«ЗАКОНЫ НЕ РАБОТАЮТ»: УДОБНЫЙ МИФ ИЛИ ГОРЬКАЯ ПРАВДА? 

ЕСТЬ ФРАЗА, КОТОРУЮ В КАЗАХСТАНЕ МОЖНО УСЛЫШАТЬ ПОЧТИ В...

Устранить коллизии в законодательстве

Бизнес-омбудсмен выступил с предложением об уточнении понятий: «преступная» и...

В ловушке «легких» денег

ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ОБЕСПОКОЕНЫ ВОВЛЕЧЕНИЕМ МОЛОДЕЖИ В НАРКОПРЕСТУПЛЕНИЯ И ДРОППЕРСТВО....