№64 Мекемесінде жазғы спартакиаданың ашылуы

Астана қаласы бойынша ҚАЖД «№64 Мекемесінде» шаруашылық қызмет көрсету жасағының сотталғандар арасындағы мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шаралардың бекітілген жоспарына сәйкес мекеменің спорт алаңында жазғы спартакиада ашылды.

Іс-шараға Ерікті ұйымдар негізінде құрылған сотталғандардың үш командасы қатысты, атап айтқанда: санитарлық-гигиеналық секция, демалыс және өзін-өзі тәрбиелеу секциялары және өндірістік секциялар. Жеңіске өндірістік секция командасы ие болды.

Спорттық іс-шараларды өткізу біздің қамқорлықтағылардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, оларды одан әрі дене шынықтырумен шұғылдануға ынталандырады, оларда өзіндік тәртіпті дамытады және ең бастысы, командалық жұмыс дағдыларын қалыптастырады. Спорттық іс-шаралар — бұл ең алдымен қуаныш, денсаулық және табыс мерекесі. Спорттың маңызды тәрбиелеуші фактор болып табылатынын және салауатты өмір салты мен дене шынықтыруды қалыптастыруда үлкен үгіт мәні бар екенін ұмытпау керек.

Абай облысындағы қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде сотталғандар арасында волейболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде Мейірімділік күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды

Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде Мейірімділік...