spot_img
spot_img

№20 мекемесінде «Жол қауіпсіздігі күні – Ақ жол» акциясы өтті

Қазақстан полициясы күніне орай Ішкі істер министрлігінің іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде №20 мекемесінде «Жол қауіпсіздігі күні – Ақ жол» атты акция өткізілді. Шараның мақсаты – мектеп оқушылары арасында жолда жүру ережелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу және жол қауіпсіздігін насихаттау.

Акция барысында мекеме қызметкерлері балаларға жол қозғалысы ережелерін, жол белгілерінің маңызын және көшеде өзін қауіпсіз ұстаудың негізгі қағидаларын еске салды. Әсіресе жаз мезгілінде жолдан өту кезінде сақ болу керектігіне ерекше назар аударылды.

«Мұндай акциялар өскелең ұрпақтың жолда қауіпсіз жүріс-тұрыс мәдениетін қалыптастыруға және кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуға септігін тигізеді», – деді тәрбие және кадр жұмысы бөлімінің бастығы, әділет подполковнигі Қарабаева Д.

Мектеп оқушылары арасында профилактикалық жұмыс тұрақты түрде жүргізіліп, мекеме қызметінің маңызды бағыты болып саналады.

В учреждении №79 Департамента уголовно-исполнительной системы по Атырауской организован творческий вечер

В учреждении №79 Департамента уголовно-исполнительной системы по Атырауской области...

Жеке құраммен түсіндіру-профилактикалық кездесу өтті

2025 жылғы 8 шілдеде №2 түзеу мекемесінде мекеме басшылығының...

Семейде сотталғандар өз қолдарымен Бәйтерек макетін жасады

Бәйтерек-Қазақстан астанасының басты символы. Мәселен, осы Астана күнің мерекелеу...

Состоялась торжественная церемония бракосочетания между осуждённым

В учреждении №64 Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел...

Осуждённым разъяснены положения амнистии

В подведомственных учреждениях Департамента по уголовно-исполнительной системе по городу...