spot_img
spot_img

№178 мамандандырылған лицей түлектері «Табиғатты аялайық!» ағаш отырғызу акциясын өткізді

8 сәуірден бастап мегаполисте «Алматы — біздің ортақ үйіміз» қалалық тазалық науқаны өткізіліп жатыр. Қала тұрғындарының бойында қоршаған ортаға жанашырлық пен инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеуді көздейтін бастама сәтті жалғасын тауып жатыр. Бір ай ішінде қала тазаланып қана қоймай, жаңарып, абаттандырылып, өңі кіріп қалғаны байқалады.

Талай аялдамалар мен ескерткіштер жуылып, қоқыс алаңқайлары тазарып, жаңадан ағаштар мен гүлдер отырғызылып, жолдар жөнделіп, қоршаулар мен орындықтар сырланып кең ауқымды акцияның қала тұрғындары мен қонақтары тарапынан үлкен қолдауға ие болғанын көріп отырмыз.

Осы орайда «Алматы — біздің ортақ үйіміз» қалалық тазалық науқаны аясында №178 мамандандырылған лицейі түлектері де «Табиғатты аялайық!» атты ағаш отырғызу акциясын өткізді.


🌿Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатты аялау мен қоршаған ортаны таза ұстауға баулу мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға 11-сынып оқушылары белсене атсалысып, акцияға өз үлестерін қосты.
🌺Экологиялық акция барысында оқушылар ұйымшылдық пен еңбектің әдемі көрінісін көрсете отырып, лицей ауласына жасыл желекті ағаштарын екті. Аталмыш акцияның болашақ ұрпақ бойында табиғатқа жанашырлық қалыптастыру жолында да ықпал зор екені байқалып отыр.
🌿 Қоршаған орта тазалығын сақтайық! Табиғатты аялайық!

Кутумов Берік Нәбиұлы, N178 мамандандығылған лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Алматыда «Jas Camp 2024» жастар лагері өтті

Ағымдағы жылдың  8-12 қыркүйек аралығында  қала күні қарсаңында қаламыздың...

Геннадий Головкин World Boxing жаңа Олимпиадалық комиссиясының Төрағасы болып сайланды

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Халықаралық бокс...

Неке бұзу туралы дауларды қарау ерекшеліктері

2023 жылғы 27 наурыздағы № 216-VII ҚРЗ «Қазақстан Республикасының...

Как проходил отбор в РКР

Впервые, во всех регионах страны проведен отбор в кадровый...