Әйелдер түзеу мекемесінде ұлы жеңістің 80 жылдығы аталып өтті

Ұлы Отан Жеңісінің 80 жылдығына орай Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаменті 79-мекемесінде жаза өтеуші сотталған әйел азаматшалар арасында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Мерекелік шараның мақсаты – тарих беттерінде мәңгі сақталатын Жеңіс күнінің маңызын ұғындыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу және адамгершілік құндылықтарды насихаттау. Іс-шара барысында сотталғандар соғыс жылдарындағы ерлік пен батырлық жайлы деректі фильмдер тамашалады, патриоттық әндер шырқалып, әдеби монтаждар ұсынылды. Сонымен қатар, мекеме әкімшілігінің қолдауымен арнайы көрме мен шығармашылық байқау ұйымдастырылып, сотталған азаматшалар өздерінің қолөнер бұйымдары мен көркем туындыларын көрсетті.

Мекеме қызметкерлері тарапынан ұйымдастырылған естелік бұрышында соғыс ардагерлерінің өмір жолдары мен ерліктері баяндалды. Бұл күні әрбір қатысушының жүрегінде мақтаныш пен құрмет сезімі ұялады.

Іс-шара соңында мекеме басшылығы барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, бейбіт өмірдің бағасын білуге және оң бағытта өзгеруге шақырды.

Сотрудники женской колонии УИС поздравили жителей села с Днём пожилых людей

В честь Дня пожилых людей сотрудники женской колонии УИС...

ҚАРТТАРЫМЫЗҒА — ҚҰРМЕТ, АҒА БУЫНҒА — АЛҒЫС!

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Қызылорда облысы...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде киберспорттан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде ұстаздарды мерекемен құттықтады

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде Ұстаздар күні...