12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – сапалы жоғары білім беру, ғылым ордасы

Білім мен ғылымды Хәкім Абай атамыз өзінің 43-і қара сөзінде адамның туа біте бойында болатын қабілет емес, өмір бойы меңгерілетін «кәсіби» ұғым деп көрсетеді. Яғни, әр адам білім жинақтап, ғылыммен айналысу арқылы өзі-өзін жетілдіруге мүмкіндігі де, хақысы да бар. Ал, сапалы білім — бұл әр адамның әлеуетін ашуға және ертеңгі кемел адамдарды қалыптастыруға ықпал ететін мықты құрал деп айтуға болады.

Сол құралды тиімді оқытып, адамзат білім мен ғылым өзектілігі жоғары қазіргі заманда Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 90 жылдан астам уақыт бойы баршаға сапалы білім беретін, еліміздің білім беру жүйесінің тірегі және әлемдік алаңда маңызды рөлге ие болған оқу орнының жарқын үлгісі болып табылады. Себебі, көп салалы, баршаға ортақ сапалы білім беру тек қана инновацияларды ғана емес, сонымен қатар терең тарих пен үлкен институционалды деңгейдегі тәжірибені талап етеді. Ал осы критерийлерге сәйкес Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті ерекше атап өтуге болады. Ұлы философ және ғалым Әл-Фарабидің есімімен аталған бұл университет мыңдаған студенттерге, зерттеушілерге және болашақ көшбасшыларға білім мен шабыт көзі болып табылады. Себебі, Әл-Фараби Университеті — бұл білім беру мекемесі ғана емес, сонымен қатар еліміздің зияткерлік белсенділіктің нағыз орталығы. Тіпті, ол тек Қазақстанда ғана емес, одан тыс жерлерде де білім мен ғылымды дамытуда маңызды рөл атқарады. Оның миссиясының маңызды бөлігі білімді және білікті қоғам құруға ықпал ететін халықтың барлық топтары үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Ендігі кезекте, баршаға сапалы жоғары білім берудегі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің маңызды рөл атқарғанын анықтау үшін келесі түйіндерге назар аударайық.

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті QS, ТHE, ARES сияқты ең беделді халықаралық рейтингтерге қатысады. Оның нәтижесі бойынша университет қазақстандық жоғары оқу орындары арасында талассыз көшбасшы болып табылады. Жоғары деңгейдегі сарапшылардың пікірін негізге алған тағы бір агенттік – Rank ProWorldwide Professional University Rankings ҚазҰУ-ды үздік деп таныды. Сонымен қатар, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – «Asia Pacific Rank Pro World Leading Universities» рейтингінде ТОП-200 ішінде 176-орынға ие болып, Азия-Тынық мұхиты аймағындағы университеттер қатарына кірген қазақстандық ЖОО-лар арасында да алдыңғы орында. Сонымен бірге, ҚазҰУ QS Quacquarelli Symonds-Graduate Employability Rankings халықаралық рейтингінде өз позициясын нығайтып, 201-250 тобында бір сатыға көтеріліп, түлектерді жұмысқа орналастыруда да көшбасшылар қатарына енді.

«Жұмыспен қамтылған түлектердің үлесі» индикаторы бойынша ҚазҰУ әлемде 55-орында. Бұл көрсеткіш оқу бітіргеннен кейін 12 ай ішінде толық немесе толық емес жұмыспен қамтылған түлектердің пайыздық мөлшерімен өлшенеді. Бұған қоса университет 75000-нан астам жұмыс беруші ұйым өкілдерінің арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінде «Жұмыс берушілер арасындағы бедел» көрсеткіші бойынша әлемде 120-орынды иеленіп отыр.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің тарихы тоқсан жылға таяды және бұл уақыт маңызды оқиғалар мен жетістіктерге толы болды. Университет 1934 жылы құрылды және өз жолын Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы құрылғаннан кейін бастады. Алғашқы күндерінен бастап университет студенттердің мәдени, ғылыми және әлеуметтік дамуына ықпал ететін академиялық жағдай жасауға ұмтылды. Әл-Фараби университеті ол кезде Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті деп аталғанымен, негізгі ортақ база өзгермей,  тез арада Қазақ КСР-ның әр саладағы көшбасшыларын қалыптастырып, қазіргі заманның күрделі сұрақтарына жауап табатын мамандарды қалыптастыра бастады. Бұл дегеніміз, осы оқу орынында білім берудің ұзақ тарихы бай тәжірибе мен бірегей ғылыми мұраның бар екендігін білдіреді, бұл оны ұлттық және әлемдік білім беру мәдениетінің ажырамас бөлігі етеді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ұзақ тарихында керемет ғылыми, білім беру, мәдени жетістіктер мен табыстарға қол жеткізді. Университеттің ғалымдары, түлектері мен оқытушылары ғылым мен мәдениеттің әртүрлі салаларына үлкен үлес қосты. Алғашқы әдебиет факультетінде қызмет еткен Мұхтар Әуезов пен Зейнолла Қабдоловты айтсақ та, алпауыт үлесті дәйектеп тұр деп емін-еркін айтуға болады. Ал, бүгінгі таңда университет өзінің ғылыми зерттеулерімен, инновациялық жобаларымен және қоғамға жағымды әсер ететін академиялық жетістіктерімен мақтанады. Оның түлектері мемлекетте және әлемдік ірі компанияларда жоғары лауазымдарға ие, ал ғылыми еңбектері әлемнің түкпір-түкпірінен келген мамандардың назарын аударады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті елімізге мықты заңгерлер дайындап отырған қара шаңырақ. Заңгер – қиын, әрі күрделі, алайда өте қызықты және мәртебелі мамандық. Қазіргі таңда заң факультетінде заңтану, құқық қорғау қызметі мамандықтары бойынша жоғары білімді заңгер-мамандар дайындалады. Сонымен қатар, заң факультетінде магистратура және PhD докторантура мамандықтары бойынша білім беріледі. Бүгінгі таңда заң факультетінің ең күрделі ғылыми-тәжірибелік мәселелерді шешуге әлеуеті жетеді. Факультетте бір ҚР ҰҒА академиктері, 30 доктор мен профессор, 80-нен аса ғылым кандидаттары, доценттері, PhD докторлары  жұмыс істейді.

Заң факультетінде Қазақстанның сапалы заңгерлік кадрларын қалыптастыру үшін аянбай еңбек етіп, білім мен тәрбие берген, мәртебелері таудай биік алпауыт-ұстаздарды: з.ғ.д., профессор С.З. Зимановты, з.ғ.д., профессор С.С. Сартаевты, з.ғ.д., профессор Е.І. Қайыржановты, з.ғ.д., профессор Ю.Г. Басинді, з.ғ.д., профессор Е.Ғ. Джакишевті атап өту керек.

Ғылыми-теориялық, ғылыми-тәжірибелік конференцияларды өткізу кезінде, заң факультетінің түлектері, қазіргі кезде ҚР Парламентінде, ҚР Үкіметінде, ҚР Президенті Әкімшілігінде, ҚР Жоғарғы Сотында, құқық қорғау органдарында қызмет ететін қызметкерлер өз баяндамаларымен қатысады, студенттерге арналған көшбасшылық дәрістерді оқиды.

Университет оқытушыларының басым көпшілігі шет тілдерін меңгерген, АҚШ-та, Еуропада, Түркияда және өзге де мемлекеттерде тағылымдамадан өтіп келген.

Қазіргі таңда Қазақ ұлттық университетінің стратегиялық мақсаты әлемдік деңгейдегі ғылыми-зерттеу университеті болу.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде тәрбие беруге көп көңіл бөлінеді. Қазақстанға адал азаматтар, елін, жерін, тарихын, мәдениетін, дәстүрін сүйетін, нағыз патриот, адамгершілік қасиеттері биік мамандар университетімізде – қара шаңырақта тәрбиеленеді.

Біз ҚазҰУ-де оқитынымызды, мұнда жұмыс істейтінімізді және Қазақстанда осындай білім және ғылым ордасы бар екенін мақтан тұтамыз.

Досанов Мурат Ускимбаевич

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика

кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.к.

Серікұлы Саулет

Қарабаева Жансая Абілқасымқызы

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

заң факультетінің магистранттары  

ПОРТРЕТ МАНИПУЛЯТОРА 

МАНИПУЛЯЦИЯ – ЭТО НЕ ПРОСТО ВЛИЯНИЕ. ЭТО ИСКУССТВО УПРАВЛЕНИЯ...

Ключевой инструмент стабильности

Казахстан наращивает темпы военного взаимодействия с ключевыми международными партнерами....

О друге, наставнике, учителе

Каждый из нас находит вдохновение в других людях, в...

Қазақтың рухани мұрасы – халқымыздың мәдени қазынасы

2025 жылы қазақтың ұлы ойшылы, ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының...

Абай – қазақ халқының ұлы тұлғасы

Абай Құнанбайұлының180 жылдығына орай мақала жазу – бұл қазақ...