12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қызылордада ҚАЖ қызметкерлері Астана күніне орай кітапханаға экскурсия жасады

Астана күніне орай Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің 37-мекеме қызметкерлері Әбділда Тәжібаев атындағы әмбебап -ғылыми кітапханаға арнайы экскурсия жасады. Шараны ҚАЖ департаментінің 37 мекемесінің тәрбие және кадр жұмысы тобы ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты – қызметкерлердің мәдени таным көкжиегін кеңейту, тарихи-рухани білімдерін арттыру және елорданың даму кезеңдеріне тереңірек үңілу болды.

Кітапхана ұжымы Астана күніне орай ұйымдастырылған арнайы «Астана- бас қала » атты кітап көрмесімен таныстырды. Қызметкерлер көрме барысында елорданың қалыптасуы, даму жолы мен тарихи кезеңдері жайлы мол мағлұмат алды.

Сонымен қатар, кітапхана қызметкері қазақ және кеңестік драматург, жазушы, публицист, сценарийші, Қазақстанның халық жазушысы Қалтай Мұхамеджанов пен ақын және драматург, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның халық жазушысы Әбділда Тәжібаевтың жеке кітапханалары мен тұтынған заттарына арнайы шолу жасап, олардың шығармашылық мұрасы мен өмір жолдары туралы қызықты деректермен бөлісті. Қызметкерлерге көрнекті қаламгерлердің жеке тұтынған дүниелері көрсетіліп, әдеби жәдігерлермен танысуға мүмкіндік туды.

Іс-шара соңында ҚАЖ қызметкерлері өз ризашылықтарын білдіріп, кітапхана ұжымына алғыс айтты. Мұндай танымдық шаралар қызметкерлердің рухани дүниесін байытып, тарихи-мәдени құндылықтарға деген құрметті арттыра түсетіні сөзсіз.

Министр иностранных дел Казахстана прибыл с рабочим визитом в Афганистан

По приглашению афганской стороны Заместитель Премьер-министра – Министр иностранных...

Қазақстан Сыртқы істер министрі Ауғанстанға жұмыс сапарымен барды

Ауған тарапының шақыруымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы...

Әке үмітін ақтаған ұл

   Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек аудандық полиция бөлімі бастығының...

Білікті маман Мамытов

Мақаламыздың кейіпкері – Бөкей ордасы аудандық полиция бөлімі бастығының ...