Қазақстандағы алғашқы крематорий қашан іске қосылады?

Алматыда Қазақстандағы алғашқы крематорий жақын арада жұмысын бастайды. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, 9 қаңтарда Әділет министрлігінде Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығы тіркелген. Құжатта жерлеу және қабірлерді күтіп-ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларына өзгерістер енгізу көзделген. Қабылданған түзетулер крематорийлердің қызметіне құқықтық негіз қалыптастырып, Қазақстан аумағында кремация рәсімін алғаш рет заңнамалық деңгейде жүргізуге мүмкіндік береді.

«Бұйрық күшіне енгеннен кейін Алматыдағы крематорий жұмысын бастап, санитарлық және құқықтық талаптарды сақтай отырып, белгіленген тәртіппен қызмет көрсетеді», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, қазір Алматы қалалық патологоанатомиялық бюросының байқау кеңесі арқылы кремация қызметтерінің бағалар тізбесін бекіту рәсімі жалғасып жатыр.

Тарифтер мен қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Алматы қалалық патологоанатомиялық бюросының ресми сайтында жарияланатын болады.

Еске салайық, 2025 жылғы қыркүйекте Алматының коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы алдағы алты-жеті жылда қаладағы зираттарда марқұмдарды жерлеуге орын қалмайтынын мәлімдеген еді. Олардың дерегінше, 2025 жылғы жағдай бойынша Алматыда 70 зират бар, соның 61-і жабылған. Жаңа зираттарға арналған жер телімдері бекітіліп жатыр, алайда олар Алматы облысының аумағында орналасады.

Салық кодексі тағы өзгереді: үкіметте қандай түзетулер талқыланып жатыр?

Үкіметте Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе жұмысының алдын ала қорытындысы қаралды.

“Наурызды жазда өлтіріп көмген болуы мүмкін“. Жоғалған отбасыға қатысты тағы бір дерек шықты

Атырау облысында жоғалған отбасыға қатысты қанды қылмыстың мән-жайы белгілі болды.

Air Astana Дубайға рейстерді уақытша тоқтатты

Әуе компания мәліметінше, наурыздың аяғына дейін Дубайға рейстер тоқтатылған.

IBF боксшы Жәнібек Әлімханұлын әлем чемпионы атағынан айырды

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырды.

Референдум алдындағы тыныштық күні не істеуге болмайды?

Қазақстандықтарға Конституция бойынша референдум алдындағы тыныштық күнгі жауапкершілік туралы ескертілді.