ҚАРТТАРЫМЫЗҒА — ҚҰРМЕТ, АҒА БУЫНҒА — АЛҒЫС!

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінен зейнетке шыққан ардагер Сапаров Адильхан Космаганбетовичтің шаңырағына арнайы барып, мерекелік құттықтау білдірілді.
Ардагерді құттықтауға №68 мекемесінің ардагері Талғат Қамзаев және мекеме бастығының орынбасары, әділет майоры М. Тұрымбетов барып, ақжарма тілектерін жеткізді.
Кездесу барысында ардагерге ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, отбасына амандық пен береке тілеп, салаға сіңірген еселі еңбегі үшін алғыс білдірілді.
Ардагерлер – кейінгі ұрпаққа өнеге болып, елге адал қызмет етудің үлгісін көрсеткен қадірлі жандар. Олардың өмір жолы мен еңбек тәжірибесі – бүгінгі буын үшін үлкен мектеп.
Ардагерге құрмет – елге құрмет!

Абай облысы ҚАЖ мекемелері арасында шахматтан онлайн турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ басқармасының қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде...

В учреждении минимальной безопасности состоялся онлайн-турнир по шахматам

В учреждении минимальной безопасности УИС по области Абай состоялся...

Абай облысының мекемелерінде онлайн шахмат турнирі өткізілді

Абай облысының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жүрген сотталғандар...