12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қарттарым — асыл қазынам!

Бүгін – қарттар күні. Қазыналы қарияларымыздың мерекесі елімізде 1991 жылдың 1 қазанынан бері атап өтіледі. Осы орайда, №68 мекемесі қызметкерлерінің аналары “офицердің анасы” төс белгісімен марапатталды.

Атап айтқанда, Арнайы есепке алу бөлімінің есеп технигі әділет аға сержанты Менбаева Назерке Орақбайқызының анасына арнайы мекеме басшысының атынан “офицердің анасы” төс белгісі табысталып, гүл шоқтары беріліп, ізгі тілектер айтылды. Бүгінгі айтулы күн мен қатар келген туған күнде Назеркенің анасы үшін үлкен мәртебе бола білді. Сонымен қатар, кадр саясаты тобының инспекторы әділет лейтенанты Даулетиярова Жаннұр Даулетиярқызының анасына арнайы шенді төс белгісін табыстап, мекеме ұжымының атынан гүл ұсынылды. Келесі кезекте АКАӘПТЖБ-нің басшысы әділет капитаны Романқұлов Ерлан Бегімұлы “қарттар күні” мерекесімен тұспа тұс келген анасының туған күніне тосын сый ретінде Шымкент қаласына арнайы барып, “офицердің анасы” атағымен құттықтап,  төс белгісін табыстап, анасына деген махаббатын лебізді тілегімен жеткізді.

Бүгінгі “Қарттар күні” мерекесі аясында келіп жеткен барлық асыл қазыналарымызды мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз. Даналығы мен нақыл сөздері мен әрбір ұрпағына өсиетті сөздер айтып қанаттандырып келеді. Мекемедегі әрбір қызметкерімнің анасы меніңде анам. Бүгінгі мерекені пайдалана отырып өзімнің ұжымдастарымның беделін арттыру мақсатында аналарына “Офицердің анасы” төс белгісімен марапаттауды жөн санадым. Бұл біз үшін бақыт, қуаныш. Әрбір отбасыда осындай бақыт көбейе берсін. Қазыналы қарияларымыз аман болсын- деп құттықтау тілегін білдірді №68 мекемесінің басшысы әділет майоры Ильясов Қайырбек Есентайұлы.

Марапатқа лайық маман…

Талай адам балалық шағында полиция қызметкері болуды армандайды. Өйткені...

Cостоялся круглый стол, посвященный итогам Республиканской Недели репродуктивного здоровья

Сегодня состоялся круглый стол, посвященный итогам Республиканской Недели репродуктивного...

Республикалық Репродуктивті денсаулық апталығының қорытындыларына арналған дөңгелек үстел өтті

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат...

«Азаматтық қоғам 2.0»: Жетісу форумында өңірлік дамудың инновациялық шешімдері ұсынылды

Жетісу облысында елімізде осы жылда алғаш рет ұйымдастырылған «Азаматтық...

Условия неосновательного обогащения

Из содержания п. 1 ст. 953 Гражданского кодекса РК...