spot_img
spot_img

ҚАЖД №72 мекемесіне ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының бірінші орынбасары С. Мәдиев келді

Алматы қаласы бойынша ҚАЖД №72 мекемесіне Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының бірінші орынбасары С. Мәдиев келіп, тұтқындарды ұстау жағдайымен танысты.
ҚАЖ комитеті төрағасының аталған мекемеге келу мақсаты – тергеу изоляторында бұдан бұрын орын алған кемшіліктерді жою жағдайын тексеру. Бұл орайда Мекеме басшылығы өткен жылы орын алған кемшіліктердің жойылғаны туралы есеп беріп, нақты атқарылған жұмыстармен таныстырды.
Сонымен қатар әділет полковнигі Сағат Кентайұлы Мәдиев тұтқындардың қашу фактісінің алдын алу үшін тұтқындар ұсталатын камераларды аралап, Тергеу изоляторының инженерлік-техникалық күзет құралдарын, бақылау ізі жолақтары мен режимдік корпусты, серверлік ғимарат пен бейнебақылау камераларын тексерді. Бұл орайда ол қашу оқиғалары орын алуы мүмкін участоктордың қауіпсіздігін одан әрі арттыруға қатаң тапсырма берді.
Қызметтік тексеру кезінде төрағаның орынбасары №72 мекеменің жеке құрамымен жиналыс өткізіп, Қылмыстық іс жүргізу және Қылмыстық-атқару кодекстеріне жуырда енгізілген түзетулер жайлы баяндады. Заңға енгізілген өзгерістердің бірі – “азаптау” ұғымының нақтылануы мен алғаш рет қазақстандық заңнамаға “қатігез әрекеттер» түсінігінің енгізілуі. Комитет төрағасының орынбасары күдіктілерді азаптау фактілерін болдырмауды ескертіп, ҚР Конституциясына сәйкес ешкімге қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас немесе жаза қолданылмауы тиіс екенін қадап айтты.
Тергеу изоляторын аралау барысында С.Мәдиев сотталғандар мен күдіктілерге көрсетілетін медициналық-санитарлық қызметтің және тамақтану сапасымен танысты.
Әділет полковнигі С.Мәдиев қызметтік іссапар барысында тергеу тұтқынындағыларды қабылдап, өтініштерін тыңдады.

Алматыда «Сириус» мектебі мен білім беру орталығының іргетасын қалау рәсімі өтті

Алматыда «Сириус» білім беру орталығымен ынтымақтастық аясында I Таланттар...

Экологиялық қылмыстар жазасы қатаң 

Экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар Қылмыстық кодекстің 13-тарауымен бекітілген. Осы...

Правительство намерено пересмотреть подушевое финансирование в сферах образования и здравоохранения

Правительство Казахстана начало системный пересмотр механизмов государственно-частного партнёрства в...

Аида Балаева: Білім мен медицинадағы қаржыландыру жүйесі әділ әрі ашық болуға тиіс

Мемлекет басшысы таяуда «Түркістан» газетіне берген сұхбатында білім беру...