Ғарышкер Талғат Мұсабаев өмірден өтті

Мемлекет басшысы ұшқыш-ғарышкер, Халық қаһарманы Талғат Мұсабаевтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев әйгілі ұшқыш-ғарышкер, Халық қаһарманы, мемлекет және қоғам қайраткері Талғат Мұсабаев дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты.

«Талғат Амангелдіұлы үш мәрте ғарышты бағындырған, ашық космосқа шығып, айтулы ерлігімен еліміздің атын әлемге танытқан батыр тұлға еді. Отандық аэроғарыш саласын дамытуға бар күш-жігерін жұмсап, еселі еңбек етті. Сенат депутаты және қоғам қайраткері ретінде көптеген игі іске бастамашы болды. Кәсіби біліктілігімен, айналасына сыйлы азаматтық қалпымен халықтың құрметіне бөленген Талғат Амангелдіұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды. Иманы саламат, жаны жәннатта болсын», – деп жазылған жеделхатта.

Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев 1951 жылы 7 қаңтарда Алматы облысы Жамбыл ауданында дүниеге келген. Ол — кеңестік және қазақстандық ғарышкер, саяси қайраткер, Халық қаһарманы, техника ғылымдарының докторы (2008), авиация генерал-лейтенанты (2007). Талғат Мұсабаев Қазақстан Ұлттық ғарыш агенттiгінің төрағасы (2007-2016) және ҚР Парламенті Сенат депутаты (2017-2023) болды.

Фото: rus.team

Мемлекет болашағы үшін ортақ жауапкершілік: AMANAT «Әділет» партиясына қосылуды қолдады 

AMANAT съезінде партияның алдағы бағыты талқыланып, «Әділет» партиясына қосылу туралы мәлімдеме жасалды.

Сталкинг: между законом и реальностью

ЗА ПЯТЬ МЕСЯЦЕВ ТЕКУЩЕГО ГОДА В КАЗАХСТАНЕ ЗАРЕГИСТРИРОВАЛИ 248...

Алтынның биржадағы құны күрт төмендеп жатыр 

Сағат 01:11-де төмендеу қарқыны күшейіп, баға бір трой унциясы үшін 4092,3 долларға дейін түсті (минус 4,53 пайыз).

Қазақстандықтардың ең төменгі жалақысы тағы өсуі мүмкін 

Қазіргі уақытта ең төменгі жалақыны көтеру мәселесі қарастырылып жатыр, алайда түпкілікті шешім бюджет мүмкіндігіне байланысты болады.

Елімізде электромобильдерге жасыл нөмір беріледі 

Елімізде электромобильдің нөмірі жасыл түсті болуы мүмкін. Жаңа жүйе биыл жазда қабылданғанымен, көлік иелері нөмірлерді бірден ала алмайды.