12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Республика күні: Елдікке бастаған мереке

2022 жылы Ұлттық Құрылтайдың бірінші отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды. «Республика күні еліміздің мемлекетке деген батыл қадамының нышаны болуы тиіс. Әрине, Тәуелсіздік күні басты ұлттық мереке болып қала береді. Бұл күні тәуелсіздікке қол жеткізуге зор үлес қосқан ұлттық қаһармандарымыз құрметтелуі керек», деді Мемлекет басшысы.

Жалпы мерекенің қысқаша тарихына тоқталып кететін болсақ,Республика күнінің тарихы тоқсаныншы жылдардан басталады, 1990 жылдың қазан айының 25-і күні Қазақ Кеңестік Социалистік Республкасының Жоғарғы Кеңесінің шешімімін «Каз КСР-нің мемлекеттік егенмендігі туралы декларация қабылданды. Бұл Қазақстанның тәуелсіздігіне жол ашқан маңызды құжат болып табылады. Сол сәттен бастап егеменді Қазақстан өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастады. Қабылданған декларация Қазақстанның болашақ тәуелсіздігінің іргетасы саналды. Бұл декларацияның қабылдауымен егемендігін мәлім ететін жеке территориясы, азаматтығы, Мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардың дербестігі, мемлекеттік рәміздері бекітілді. Алғаш рет ел аумағының тұтастығы қазақ халқының және басқа да ұлт өкілдерінің мәдениетін, салт-дәстүрін, тілін қайта түлету, ұлттық болмысын қалыптастыру және нығайту сияқты мемлекеттік қағидаттар бекіді. Қазақстанның егемендігі және территориясының тұтастығы саяси, құқықтық және экономикалық тұрғыдан дәйектенді. Осы акт арқылы КазКСР өз ішкі әкерін, мемлекеттік қауіпсіздігі пен ішкі істер органдарын, сот билігін құру құқығына ие болды. Бұл акт арқылы әлем картасындағы жаңа мемлекет — Қазақстан Республикасының негізі қаланды. Қазір бұл күн мемлекеттік масштабта атап өтіліп, ұлттық мереке ретінде тойланады.  Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін 1991 жылдан бастап бұл мереке жыл сайын 25 қазанда аталып өтіле бастады.1995 жылы 18 қазанда алғаш рет «Ұлттық мереке» болып жарияланды.Алайда 2001 жылы бұл мәртебеден айырылып, мемлекеттік мереке санатына өтті. Ал 2009 жылы сәуірде мерекелер қатарынан мүлде алынып тасталды.

Республика күні өз мәнінде қайта аталып өтетін болғаны – ортақ қуаныш. Бұл жөнінде көптің толғанысты пікірлері оны мерекелеу мәні мен маңызын аша түсерлік дәрежеде болуы тиіс деп ойлаймын. Оның түйіні ұлттық мереке сәтінде Қазақстан халқының достығы, төзімділігі, жеткен жетістігі, стратегиялық мүддесі мейлінше насихатталады. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті  қылмыстық құқық,қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы мен білім алушылары №16 Тұрақты даму мақсаттары аясында Республика күні қарсаңында көптеген іс-шаралар өткізуде. Қазақ халқы бастарынан өткерген қаншама қиындықтарға қарамастан өздерінің басты құндылықтары – тілін, ділін, дәстүрін, мәдениетін сақтай алып, заманауи жаңа Қазақстанның іргетасы қаланып жатқаны,ұлттық мерекелердің көбейгені елін сүйетін әрбір азамат үшін қуанатын жайт деп ойлаймын.

Мухамадиева Гүлжан Нүсіпжанқызы 

Әл-Фараби атындағы

ҚазҰУ Заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық

іс жүргізу және криминалистика кафедрасының доценті, з.ғ.к

Сапарова Томирис-заң факультетінің магистранты

Беспомощные жертвы перед лицом преступности: фундаментальное исследование и призыв к действию

В современном мире, где повестка дня часто переполнена экономическими...

Қымызмұрындық көрем десең, Кегенге кел!

21 маусым күні Алматы облысы, Кеген ауданы, Қарқара жайлауында...

В АСТАНЕ ЧЕСТВУЮТ ЛУЧШИХ МЕДИЦИНСКИХ РАБОТНИКОВ СТРАНЫ

В преддверии профессионального праздника – Дня медицинского работника –...

АСТАНАДА ЕЛДІҢ ЕҢ ҮЗДІК МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Астанада еліміздің денсаулық сақтау саласының...