Полицейлер оқушылар үшін жол қозғалысы ережесін сақтау бойынша сабақтар өткізді

Түркістан облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері «1 қыркүйек-Білім күні» қарсаңында, облыстың барлық мектептерінде жол қозғалысы ережелері бойынша сабақтар өткізді.
Яғни полицейлер жаңа оқу жылы басталуына орай салтанатты жиындарға қатысып, балаларға жол қозғалысы ережесін сақтаудың маңыздылығы тақырыбында ашық сабақтар ұйымдастырды. Сондай-ақ бірінші сынып оқушыларына көшелерде арнайы белгіленген орындардан ғана өту, бағдаршам қызметі туралы айтып түсіндірді.

Мәселен полиция қызметкерлері Түркістан қаласының А.Байтұрсынов атындағы №1 мектеп-лицейінде жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша сабақ өтті. Интерактивті тақта мен көрнекі құралдарды пайдалана отырып, жолдарда, жаяу жүргіншілер өткелдерінде өзін қалай дұрыс ұстау керектігі туралы айтып, оқушыларға жол белгілері мен жол қозғалысы ережелерінің талаптарын түсіндірді.

Іс-шара соңында Түркістан облысының полицейлері балаларды жолдарда абай болуға шақырып, жүргізушілерді және жол қозғалысының өзге де қатысушыларын оқу орындары мен мектептердің жанында ережені қатаң сақтауды ескертеді.

  Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Будущим юристам показали работу уголовно-исполнительной системы изнутри в области Абай

В области Абай сотрудники учреждения максимальной безопасности Департамента уголовно-исполнительной...

Сот жүйесінде электронды цифрға өтудің маңыздылығы

Қазіргі кезеңде ақпараттық технологиялардың дамуы сот жүйесіне де елеулі...

«Digital Qazaqstan» стратегиясын іске асыру Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүргізіліп жатыр

«Digital Qazaqstan» стратегиясын іске асыру Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес...