12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

НЕСИЕЛЕНДІРУ ТИІМДІ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ КЕРЕК

Экономиканы несиелеу дамудың негізгі мүмкіндіктерінің бірі. Елімізде бұл бағытта оң қадамдар баршылық. Бұған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 10 наурыздағы «Экономиканың нақты секторына несие беруді кеңейту және халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту жөніндегі шаралар туралы» Жарлығында отандық кәсіпкерлік субъектілері мен еліміздің халқын қолдау бағытында берген тапсырмалары ықпал етуде.

Жалпы нарықтық экономика жағдайында, несиелер экономиканың қажетті айналым қаражаттарына деген қажеттіліктерін қанағаттандырудың бір жолы екені белгілі. Қазақстан үшін шикізаттық экономика, түпкілікті тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің отандық өндірісі саласына несие беру ерекше маңызды. Бұл қажеттілікті соңғы екі жылда әлемдік экономика бастан кешірген пандемия мен ауқымды саяси катаклизмдерге байланысты дағдарыс салдары арттыра түсті. Өйткені, осы кезеңде Қазақстан экономикасы, әлемнің құрамдас бөлігі ретінде айтарлықтай қиындықтарға тап болды. Сондықтан экономикалық дағдарысты еңсеру және экономиканың одан әрі дамуын ынталандыру мақсатындағы қолға алынған жұмыстардан күтерміз көп. Ең бастысы мемлекеттік және квазимемлекеттік органдардың елеулі бөлігі жұмылдырылып жатқан шараның тиімділігі іс жүзінде көрінуі керек. Бұл деген сөз өнім өндіру, қайта өңдеу салаларының өсіп, халықтың жұмыспен қамтылуы, ішкі нарықтағы отандық тауарлар көлемінің саны мен сапасының артуы, экоспорттық әлеуеттің кеңеюі, яғни тұтастай алғанда ел экономикасының қарыштап дамып, бәсекеге қабілетті болуы. Өткен аптада Парламент Сенатының «Қаржы және бюджет» комитетінде «Экономиканың нақты секторына кредит беруді кеңейту жөніндегі шаралар» деген тақырыпта өткен дөңгелек үстелде құзырлы орын басшылары келтірген мәліметтер бұған дейін тұтынушылық несиеге басымдық беріп келген банкілердің енді оларды азайтып, қаржының көбін бизнеске бағыттап жатқанын көрсетті. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдірахмановтың айтуынша, 2022 жылы экономикаға берілген несиелер 23,3 пайызға өсіп, 22,8 трлн теңге болса, биылғы жылдың 3 айында 1,5 пайызға артып 23,1 трлн теңгеге жетті. Сонымен қатар, 2022 жылға бизнеске берілген несиелер 13,9 пайызға көбейіп, 9,6 трлн болды. Бұл экономикаға берілген барлық несиелердің 41,4 пайызына тең болып, тұтынушылық несиелерден 34,3 пайызға артып отыр. 2022 жылы тек шағын және орта бизнеске берілген несиелер 15,2 пайызға өсіп, 6,0 трлн теңге болды. Ірі бизнеске бөлінген несие 11,8 пайызға көбейіп, 3,6 трлн теңгеге жеткен. Осыған орай шағын және орта бизнестегі несие алушылардың саны артқан. 2022 жылы бұл көрсеткіш 80,9 пайызға өсіп, несие алушылар саны 299,5 мың болды. Барлығы 2022 жылы кәсіпкерлік субъектілеріне 12,7 трлн теңгеге жаңа несиелер берілді, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 7,0 пайызға артық. Олар тұтыну несиелерінен 1,5 есе көп. Кәсiпкерлердiң кепiлдiк қамтамасыз ету тапшылығын ескере отырып, кредиттердiң қолжетiмдiлiгiн арттыру үшiн банктердiң кепiлдiк саясатына қойылатын талаптары кепiлдiктiң жекелеген түрлерi бойынша өтiмдiлiк коэффициенттерiн арттыру, сондай-ақ, қамтамасыз ету түрлерiн кеңейту, оның iшiнде болашақта болуы мүмкін кіріс есебінен жұмсартылды. Сонымен қатар, операциялық шығындардың өсуі жағдайында кәсіпкерлер табысының төмендеуіне байланысты несиелері бойынша құнсыздану тәуекелінің критерийлері жеңілдетілді. Бұл банктердің провизияларына жүктемені азайтып, экономиканы несиелендіруді жалғастыруға мүмкіндік берді. Ұлттық экономика министрі Тимур Жақсылықовтың айтуынша, несиелендіру негізінен «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша халық тұтынатын тауарлар өндірісін ұлғайтуға бағытталып отыр. Осы тұрғыда мемлекет субсидиялайтын сыйақы мөлшерлемесінің бөлігі 13,25 пайызға теңестірілді. Бұл соңғы қарыз алушылар үшін мөлшерлемені 8 пайызға дейін төмендетеді. Бағдарламаны іске асыру басталғаннан бері шамамен 1 трлн-нан астам сомаға кәсіпкерлердің 3 мың жобасы субсидияланды, шамамен 160 млрд теңге сомасына 830 жоба бойынша кепілдіктер берілді. Бағдарламаның әлеуметтік-экономикалық әсері мына көреткіштерден көрінеді. Мәселен, оның аясында шамамен 5,3 трлн теңге өнім шығарылып, 410 млрд теңге салық төленді, 13 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды. Жалпы, бағдарламаның тиімділігін талдау қатысушыларды қолдауға бағытталған 1 теңге субсидия бюджетке салық түрінде 4 теңге түсуге ықпал ететінін көрсетіп отыр. Субсидиялаудың сараланған мөлшерлемелері белгіленді. Айталық, өңдеу өнеркәсібі мен агроөнеркәсіптік кешендегі жобаларға түпкілікті қарыз алушыға сыйақы мөлшерлемесі 8 пайыз деңгейінде өзгеріссіз сақталды, ал қалған салалар үшін сыйақы мөлшерлемесі 10 пайыз мөлшерінде айқындалды. Экономиканы несиелеу шараларында агроөнеркәсіптік кешеннің алып отырған үлесі айтарлықтай. Ауыл шаруашылығы вице министрі Рүстем Құрмановтың айтуынша, бұл саланы несиелеу барысында басымдық көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыруға беріліп отыр. Осы мақсатта 140 млрд теңге қарастырылыпты. Бүгінгі таңда бағдарлама операторы – Аграрлық несие корпорациясы арқылы шаруалардың 133,8 млрд теңге сомасына 3288 өтінімі қаржыландырылды, бұл шамамен 2 млн га егіс алаңын жеңілдікпен несиелеуге мүмкіндік береді. Былтыр бағдарлама бюджеті алғаш рет екі есеге ұлғайтылды, соның есебінен 4 758 шаруаларға қарыз беріліп, 5,2 млн га ауыл шаруашылығы алқаптарын жеңілдікпен несиелеуге мүмкіндік туды. Бұдан басқа, Азық-түлік корпорациясы арқылы көктемгі дала жұмыстарына тағы 73,5 млрд теңге бөлу жоспарлануда. Қарап отырсақ, экономиканың нақты секторын несиелеуге шындап бетбұрыс жасалғаны аңғарылады. Тіпті, бұл салада бұрын-соңды болмаған қарқын байқалады. Бұл әрине қуанарлық жағдай. Әйтсе де, жиында «бұл сандардың нақты тиімділігі қандай, олар қажетті нүктелерге жетіп жатыр ма, бөлінген несиелер ішкі нарыққа не береді, экспортымызды қай бағытта арттырады?» деген сұрақтарға мардымды жауап есту қиын болды. Мұны отырыста сөз алған сенаторлар да айтып жатты. Баяндама жасаған аталмыш лауазымды тұлғалар көтерілген мәселелер бойынша сараптама жасаған соң мағлұмат береміз десті. Ал, шын мәнінде сенатор Сергей Карплюктің айтуынша, Қостанай секілді өңірлерде несиені алуда кедергі аз емес. Кәсіпкерлер, әсіресе, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері арасында түсіндіру жұмыстары қажет. Олар бұл несиелермен қалай жұмыс істейтінін ұғынып, өз жоспарын тиімді құруы қажет болса, көпшілігі үшін бұл үлкен сұрақ. Осы тұрғыда тек қана агрөнеркәсіпті несиелеуге бағытталып, шопандар мен дихандар үшін ақпараттық тұрғыда да, қаржылық тұрғыда да бір орталықтан көмек беруді жеңілдететін арнайы банкінің құрылуы көп мәселені шешер еді. Алайда, жиында көтерілген бұл мәселеге орай берілген жауаптан Қазақстанда ондай жағдайға ешқашан қолжетпейтінін ұқтық. Өйткені, мұндай банк қаржы нарығында несие алудың шарттарын, өсімақысын жеңілдете алмайтындықтан оны құрудың еш мәні жоқ көрінеді. Яғни, құзырлы орын өкілдері осындай байлам жасап отыр. Ауыл шарушылығына барлық қолдау қолданыстағы бағдарламалар аясында жүзеге аса беретін болады. Егер ол бағдарламалар «тілі» ауылдағыларға түсінікті болса бұл талаппен келісуге болар еді. Өкінішке қарай, оларды насихаттап, қарапайым ауыл адамдарына қолжетімді етуге құзырлы орындағалар тарапынан ынта соншалықты емес сияқты. Олар әзірге қаржыны бөліп қана отырған жайы бар. Бұл ретте «кімнің шамасы неге келеді, қай өңірде нені дамытуға болады? деген сауалдар ойлантуы бұлай тұрсын, ол сауал қойылмайтындай. Мұны жиынды қорытындылаған Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Сұлтанбек Мәкежановтың сөзінен аңғардық. Ол отырыстағы құзырлы орын өкілдері жасаған баяндамаларды «жай ғана бухгалтерлік есеп» деп мәлімдеді. Сұлтанбек Алмасбекұлының айтуынша, бұл мәселе Сенатта бірнеше рет тақыланып, нақты ұсыныстар да берілген. Алайда, құзырлы орын өкілдері жасалған сыннан қорытынды жасауға асығар емес. Шын мәнінде несиелеуді кеңейтудің түп-төркінінде жатқан мәселе – бизнесті дамыту, халықтың тауарлар мен қызметтерге деген сұранысын қанағаттандыру. Алайда, құзырлы орындар қаржыны бере салып, оның тиімділігіне назар аудармай отыр. Негізінде қаржы барлық өңірге теңдей беріле салмай, олардың өндірістік әлеуетіне, табиғи мүмкіндігіне сай бөліну қажет. Себебі, бір облыста тиімділік берген жоба екінші аймаққа сай келмеуі мүмкін. Мәселен, Қостанайдың кәсіпкерлеріне қажет қаржы, Павлодардың шағын және орта бизнесіне керек емес болуы мүмкін. Бір өңірде зауыт салу қажет болса, екінші өңірде бизнесті дамыту керек болады. Қай жерде не өндіре аламыз, халықтың сұранысын қалай қанағаттандыра аламыз? Осыған орай әрбір өңірдің, әрбір саланың бизнес жоспары болуы керек. Несие оларға белгіленген нақты іс-шаралар негізінде берілу керек. Кәсіпкер бұл тұрғыда түсінікті жауабын алуы тиіс. Ел мүддесіне қатысты істе тамыр-таныстыққа жол берілмей, Мемлекет басшысы міндет еткен «Естуші мемлекет» талабына сәйкес әрбір саланың, әрбір кәсіпкердің мұқтажы, тілегі тыңдалып, мүмкіндігі екшелуі керек. Болшақта өзіміздің бизнесті дамыта алатын бағыттарымыз нақты айқындалуы керек. Өйткені, мұның артында елдің тағдыры тұр. Тоқетерін айтқанда бұл отырыста үкімет мүшелеріне біраз сын естуге тура келді. Сенаторлар осы жолы да саладағы олқылықтарды жойып, дамыту бағытында қолға алу қажет деп тапқан шаралар жөнінде ұсыныстарын айтты. Алдағы уақытта солардың нәтижесі бойынша тағы бір тыңдалым өткізілетіндігін ескертті. Өз құзырының, ісінің жауапкершілігін сезінетін, қолынан іс келетін жан бұл айтылған әңгімеден бір нәтиже шығаруы керек. Мұны енді уақыт көрсетеді. Біз өз тарапымыздан бұл шараның барысын назарға алатын боламыз.

Айша ҚҰРМАНҒАЛИ, «Заң газеті»

Оплот Независимости и гарант развития страны

ПРЕЗИДЕНТ КАЗАХСТАНА – ВЕРХОВНЫЙ ГЛАВНОКОМАНДУЮЩИЙ ВООРУЖЕННЫМИ СИЛАМИ КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ XI МЕЖДУНАРОДНОГО ВОЕННО-ПАТРИОТИЧЕСКОГО СБОРА МОЛОДЕЖИ «АЙБЫН».

ҚАЛАМ ИЕЛЕРІНЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТ ЖОҒАРЫ

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, қадірлі журналистер мен ақпарат...

ЖУРНАЛИСТ – ҚОҒАМДЫ АЛҒА СҮЙРЕЙТІН МАМАНДЫҚ

Қазақ журналистикасы үлкен өзгеріс алдында тұр. Аудитория талғамының ауысуы, дəстүрлі БАҚ-тың беделі мен болашағы – күн тəртібіндегі өткір мəселелер. Осы орайда біз 28 жылдық тəжірибесі бар журналист, медиа-менеджер Жанахмет АҒЫБАЕВПЕН сұхбаттасып, саладағы шынайы жағдай, жас журналистердің ізденісі мен іркілісі, мамандыққа қатысты ішкі толғаныстары туралы əңгіме өрбіттік.

Мемлекет басшысы орман шаруашылығы мен кәсіпкерлікке қатысты заңдарға өзгерістер енгізді

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды

Сайран көлінде тәртіп күшейтілді: 20 тұрғын әкімшілік жазаға тартылды

Күрделі жаңғырту жұмыстары аяқталмай жатып, айналасын қоқыс басқан Сайранның жағдайы Алматы әкімінің ашуын туғызды.