Наурыз- көктем мерекесі

Наурыз мейрамын мерекелеу аясында «№ 48 мекеме» РММ-де 2023 жылғы 21-
23 наурыз аралығында мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларды өткізу
жоспары әзірленді. Жоспарға сәйкес, күн сайын тәрбие аппаратының
қызметкерлері мекеменің басқа қызметтерімен бірлесіп сотталғандар арасында
келесі спорттық іс-шаралар өткізді: 24-32 кг салмақ көтеру, армрестлинг, арқан
тарту, тоғыз құмалақ, жастық төбелес және үстел теннисінен жарыстар.


Сотталғандардың мәдени деңгейі құқықтық тәрбие есебінен де ұлғаяды.
Қызметкерлер сотталғандардың жеке басын және жағымды қасиеттерін
қалыптастыру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізеді. Бұл тараптардың өзара
байланысқа деген ұмтылысына негізделген, қатынастарды құру, психологиялық–
педагогикалық әсердің нақты жүйесін қолдану арқылы жасалады. Сондай-ақ
сотталғандар арасындағы психологиялық жүктемені алып тастауға және
қылмыстық-атқару жүйесінің алдында тұрған негізгі міндеттерді тиімдірек шешуге
мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, сотталғандармен келесі тақырыптар бойынша дәрістер мен
әңгімелер өткізілді: «Наурыз мерекесінің тарихы», «Наурыз туу және көктем
мерекесі», «Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу», сондай – ақ Наурыз мейрамына
арналған көркем фильмдерді көру ұйымдастырылды.
Іс-шара сотталғандар салған суреттер байқауын тамашалаумен аяқталды.
Жүлделі орындарға ие болған барлық қатысушылар мекеме бастығының
құқықтарымен грамоталармен марапатталды.

М. Мурсалимов, №48 мекеменің
СТжӘПЖБ бастығы
әділет майоры

Жемқорлыққа жол жоқ

Елбасы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жахандық бәсекеге  қабілетті» атты Жолдауында ...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – қоғамның ортақ міндеті

Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін...

Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек

Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек — бұл...

Тіл ұлттың аса ұлы игілігі

Тіл ұлттың аса ұлы игілігі, әрі оның ажырағысыз белгісі....