spot_img
spot_img

Мәжіліске кімдер өтті? Толық тізім

Биыл қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілісті таратып, мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді. 19 наурызда кезектен тыс сайлау өтті. Бүгін Парламент Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаттары анықталды, — деп хабарлайды Massaget.kzтілшісі.

Amanat партиясының Саяси кеңесі бюросының шешімімен 40 кандидаттың тізімі бекітіліп, ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаттары ретінде тіркеу үшін Орталық сайлау комиссиясына жолданды.

Бүгін «Ақ жол» демократиялық партиясының Ұлттық кеңесінің пленумы өтті. Онда ҚР Парламенті Мәжілісінің сегізінші шақырылымындағы депутаттарды сайлау қорытындылары талқыланып, депутаттық мандаттар бөлінді. Бұл туралы Азат Перуашев Telegram-дағы каналында хабарлады.

Барлыбаев Ерлан Хайланұлы;
Бейсенбаев Ержан Алмабекұлы;
Еспаева Дания Мәдиқызы;
Иса Қазыбек Жарылқасынұлы;
Перуашев Азат Тұрлыбекұлы;
Садықов Асқар Аманбайұлы.
27 наурызда «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Саяси кеңесі төралқасының отырысы өткені хабарланды. Онда Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау қорытындылары бойынша алынған 8 депутаттық мандат бөлінген:

Дайрабаев Жигули Молдақалықұлы;
Егізбаев Серік Рахметоллаұлы;
Абден Қарақат Жақсылыққызы;
Баққожаев Анас Ахатұлы;
Саурықов Ерболат Байұзақұлы;
Арсютин Николай Геннадьевич;
Зейнуллин Аян Талғатұлы;
Серіков Таңсәуле Ғабдыманапұлы.
Қазақстан Халық партиясынан Мәжіліс сайлауына партиялық тізіммен ұсынылған тәжірибелі саясаткерлер Магеррам Магеррамов пен Ирина Смирнова, көпбалалы аналар бірлестігінің жетекшісі Гаухар Танашева, Паралимпиада ойындарының қатысушысы, мүгедек адамдардың құқығын қорғаушы Кенжеғұл Сейітжан және жастар квотасы бойынша Ислам Сұңқар сияқты кандидаттар мандатқа ие болды.

Мәжіліске Respublica партиясынан депутат болатындардың тізімі мынандай:

Айдарбек Хожаназаров;
Руслан Берденов;
Нұргүл Тау;
Олжас Құспеков;
Динара Шүкіжанова;
Динара Наумова.
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) Мәжіліске өткен депутаттар тізімін ұсынды. Бұл партияға Парламент Мәжілісіне 4 депутаттық мандат бөлінген:

Әуесбаев Нұрлан Сатыбалдыұлы;
Рахымжанов Асхат Нұрмағамбетұлы;
Сағандықова Ажар Бахитқызы;
Сайлаубай Наурыз Саятұлы.
Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңартылған Парламенттің бірінші сессиясы өтетін күнді белгілегенін хабарлаған едік.

Әлібек Қуантыров: Біздің мақсатымыз – Қазақстанның өңірлік хаб ретіндегі мәртебесін нығайту

Бүгін Астанада KGIR‑2025 алаңында «Логистикалық трансформация және болашақтың азық-түлік...

Жанара Берікқызы: «Нарық Қазақстанды тұрақты өсімі бар, сенімді серіктес ретінде қабылдап отыр»

Елімізде сыртқы факторларға тәуелділікті азайтуға және инвестициялық тартымдылықты арттыруға...

KGIR-2025: Астанада Жаһандық инвестициялар жөніндегі қазақстандық дөңгелек үстел өтті

Бүгін Астанада Қазақстанның негізгі инвестициялық форумына айналған KGIR-2025 –...

Бахтияр Тлеубеков: АХҚО бүгінде Шығыс пен Батысты байланыстыратын көпірге айналды

Бүгін Астанада KGIR-2025 жаһандық инвестициялар жөніндегі форум басталды. Инвестициялық...