Болат Назарбаев автобазарынан айырылуы мүмкін — БАҚ

Болат Назарбаев «Барыс» автобазарынан айырылуы мүмкін, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «Пятый регион» басылымына сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, Қарасай ауданындағы сотта прокуратура, жергілікті әкімдік және Болат Назарбаев арасында талқылау жүріп жатыр.

«Қарасай ауданының прокуратурасы жалпы ауданы 35 гектардан асатын жер учаскелерін сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тануды талап етеді. Мұның себебі қарапайым: бұл учаскелер «суармалы егістік» ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жатқызылды, ал жер кодексіне сәйкес ауыл шаруашылығы алқаптары ерекше қорғалуға жатады. Нысаналы мақсатын өзгертуге ешқандай негіз жоқ, жол берілмейді», — делінген «Пятый регион» материалында.

БАҚ жерді беру фактісі өрескел бұзушылықтармен болғанын атап көрсеткен. Сондықтан прокурорлар сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тануды және оларды мемлекет балансына қайтаруды талап еткен. 

Болат Назарбаевтың компанияларына тиесілі жерлер мемлекетке қайтарылды: істің мән-жайы

Еске салайық, бұған дейін Болат Назарбаев Алматыдағы зауыттың 31,9 пайызын мемлекетке қайтаруға міндеттелген болатын. 16 наурызда Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің талап-арызы бойынша Болат Назарбаев пен PLS-TM ЖШС-ны Алматы ауыр машина жасау зауытының акцияларын мемлекет меншігіне қайтаруға міндеттегені белгілі болды. 

2026 жылы құрбандыққа шалынатын мал қанша тұрады? 

Құрбан айт қарсаңында республика бойынша мал соятын арнайы орындар белгіленді.

Хантавирус: Денсаулық сақтау министрлігі шетелге шығатындарға кеңес берді 

Денсаулық сақтау министрлігі шетелге шығатын азаматтарға хантавирус инфекциясын жұқтырмаудың жолдары туралы кеңес берді.

Қазақстанда 4 жаңа халықаралық рейс ашылды  

Қазақстанда 2026 жылы тағы 11 халықаралық әуе бағытын ашу немесе қайта іске қосу жоспарланып отыр.

Мемлекеттік тіл: мәртебе мен міндет

Мемлекеттік тіл – кез келген тәуелсіз елдің басты нышандарының...

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

Бабаларымыз «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ»...