12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Бала тәрбиесіне әке де жауапты

Жаһандануға негізделген нарық бәсекесі артқан мына қоғамда ұлттық болмысымыздың жоғалуы шын мәнінде қауіпке айналды. Ұлттық мәдени құндылықтарын еш уақытта материалдық құндылықтан жоғары қойып көрмеген қазақ үшін дәстүрлі отбасылық тәрбие өз бағытынан айырылып қалды. Ендігі мақсат – қазақ отбасындағы әкенің статусын қайтару болып табылады. Осы жолда не істеу керек, қандай мақсат-міндеттер мен жобаларды басшылыққа алған жөн деген мәселені көтерген Шымкент қалалық және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты Түркістан қалалық пробация қызметі қалалық Жастар орталығымен бірлесіп «Саналы әке» тақырыбында психологиялық семинар өткізді. Аталған шараға жиырма жуық пробация қызметінің бақылауында тұрған сотталғандар қатысып, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды. Сонымен қатар, Жастар орталығының психолгі сауалнама таратып, сотталғандар өз ойларын ашық көрсетті.

– Осы шараға пробация қызметінің бақылауында тұрған сотталған азаматтарды қатыстырудағы басты мақсатымыз, бақылауда тұрған азаматтар әкенің бала тәрбиесінде алатын орнын түсіндіру болып табылады. Олар өздерінің қателігін түсініп, жақсы жағына өзгерсе, әрине олардың балалары да қылмыс жасамайды. Бұл мәселенің өзектілігі сонша, бүгінгі күннің басты назарында тұрған мәселе дер едім. Әрине, бала тәрбиесінде ана мен әкенің рөлі бірдей. Алайда көп жағдайда балаға қатысты бар шаруаны анасына ысырып қоямыз. Жай ғана ата-аналар жиналысын алайық, бірен-саран әке болмаса, негізінен аналары барады. Неге? Бала ортақ болған соң оның тәрбиесіне қатысты дүниенің бәрі әке-шешеге ортақ болуы керек қой. Саналы ұрпақты қалай жетілдіреміз деп шарқ ұрып жүрген бүгінгі тұста әкенің тәрбиесі тіпті ауадай қажет. Қазақ баланың ісіне тәнті болғанда, бойындағы жақсы қасиеттерін байқаса «тегі жақсы екен», «текті жерден шыққан ғой» деп сүйсініп жатады емес пе. Яғни, қанмен берілетін тектілікті – әкенің тәрбиесін бірінші айтады. «Әкелі бала жаужүрек, әкесіз бала сұм жүрек» деп өз дәуірінде «Көмекей әулие» атанған Бұқар жыраудың айтқаны есіме түсіп отыр. Шынында да, «әкесі бар баланың жебесі тастан өтеді». Әке тәрбиесін көрген ұл мен қыз батыл келеді, өзіне деген сенімділігі жоғары болады. Әкенің иісін сезіп өскен бала болашағында кездескен қиындықтарға сынбай, өз орнын адаспай табады. Ал қазір қазақ отбасындағы әкелер институтының деңгейі түсіп кеткен. Тіршілік қамытын киіп, жан бағудың қамымен жүрген әкесі жұмысбастылықтан арыла алмай, жүйкелері тозған. Ашуын әйелінен, баласынан алады. Желіні ашып қалсаң әйелін ұрған, қан-жоса қылған, өлтірген деген сұмдық ақпараттарды оқисың. Оны тіпті балаларының көзінше істеген әкелер бар, — деді дейді Түркістан қалалық пробация қызметі бөлімінің инспекторы әділет лейтенанты Арсыланбек Бесенеев.

Әкенің қабағы тәрбие мектебі қой. Әкенің қаталдығы ол баласына мейірімсіз, қатігез дегенді білдірмейді. Керісінше, жақсы әке осындай мінезімен үлгі болып, дараланып тұруы керек. Ол – ӘКЕ. Ертеңгі күні баласының жақсы-жаман болуы өзіне тиетіндіктен әкенің шешеге қарағанда қатал болуы заңдылық. Әке махаббатын сыртқа шығармаса да іштей сездіреді. Ол баласы үшін отқа да, суға да түсуге дайын, керек десеңіз жұдырықтай жүрегін баласы үшін жұлып беруге даяр жан. Жалпы әке отбасындағы, қоғамдағы беделін арттыруды өзінен бастағаны жөн. Алла Тағала «Еркек» етіп жаратып, еркек болмысына тән намысқойлықты, жауапкершілікті берді ме, сол қасиетінен алыстамауы керек. Мұны «ұр да жық» дөрекілікпен шатастырмау керек. Өзін-өзі тәрбиелеуге қауқары жетпеген еркек балаларын қалай басқара алады? Қысқасы, «Еркекке тіс те керек, іс те керек, білек те керек, жүрек те керек…» деген Ғабит Мүсіреповтің сөзі жігіттің бесаспап болуын меңзеп тұр.

МЕМОРАНДУМ О СОТРУДНИЧЕСТВЕ

Национальный научный онкологический центр (ННОЦ) Республики Казахстан и инновационная...

В АЛМАТЫ ОБСУДИЛИ ПРОБЛЕМУ ХОБЛ И ЗАГРЯЗНЕНИЯ ВОЗДУХА

В Алматы состоялся паблик-ток, посвященный хронической обструктивной болезни легких...

Қазақстандықтар арасындағы достық байланыстар қаншалықты берік? ҚСЗИ әлеуметтік сауалнама деректерін жариялады

Айгуль Забирова, ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор Қазіргі таңда...

Тәуелсіз елдің тұғыры – Конституция

Аспан астында өз алдына ту тіккен әрбір елдің ең...

« Балалар қорғау күніне орай, шағын футболдан жолдастық кездесу өтті!»

Алматы қаласы, бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Алматы қаласы, №11...