12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Балалар арасындағы буллинг

Жасөспірімдер арасында қорлау, бопсалау сынды қылмыстық әрекеттер тыйылмай тұр.  Ғылымда бұл “буллинг” деп аталады.  Мұндай қудалау, қорқыту оқиғаларының арты суицид пен жасөспірімдердің қасақана өлтірілу фактілеріне әкеп соғып жатыр.

Осы мәселеде Ақтөбе қаласы, 61 мектеп психологы  Бекбусинова Жансауле Нургалиқызымен сұхбат құрдық.

Балалар арасындағы буллинг туралы жалпы түсінік берсеңіз. Ол неден туындайды?

— Мектептегі буллинг – бұл топтың бір оқушыға зиян келтіру ниетіндегі психологиялық әлсіз құрбандарға бағытталған жүйелі агрессиялық әрекеттер (ауызша, психологиялық немесе физикалық). Буллинг балалар арасында кез келген жабық қоғамдастықта болуы мүмкін. Мысалы, сыныптарда (дедовщина да қорлаудың бір түрі), әлеуметтік желіде қорқыту (көбінесе бейтаныс адамдар немесе жасырын агрессорлар).

Мұндай қудалау күштер тең болуы мүмкін қарапайым конфликтерден ерекшеленеді. Буллинг – билікті басып алу, басқаны бағындыру, әлсізді қорлау арқылы көтерілу, ешкімге еш нәрсе бермей пайдаға асыру, жауапкершіліктен жалтарып қылмыс жасау.

Бұл жасөспірімдер арасында бопсалау түрінде де болады. Ең сорақысы, бопсалау буллингінің арты өлімге әкеп соғатын оқиғалар практикада көп кездеседі. Оның мысалы Түркістан облысындағы 9-сынып оқушысы Аружан Орынбайдың өлімі.

Балалардың ересектерден айырмашылығы бір-бірінің кемшілігін бетіне басып айта алып, ешкімнен ұялмауы. Практикада оқушылар мектеп психологына көбіне сыртқы келбетіне, ұлтына, келген жеріне (мыс. “қандас” мәртебесіне), ата-анасының әлеуметтік мәртебесіне (материалдық жағдай, ажырасқан отбасы) қатысты кемсіту жағдайларымен жүгінеді.

Буллинг психологиялық немесе физикалық зорлық-зомбылықтың көптеген түрлерін қабылдауы мүмкін. Дегенмен, келесі ерекше белгілер әрқашан пайда болады:

  • жағымсыз және агрессивті мінез-құлық,
  • барлық әрекеттер қасақана және жүйелі түрде жасалса,
  • Қорқытушы тараптардың күштері тең емес.

Буллингке ұшыраған немесе буллинг жасаушы баланың психологиялық белгілері қандай? Немесе ол өзін қалай ұстайды?

— Буллингке ұшырағандарды тани білу маңызды. Баланың қорлаудың құрбаны болғанын түсіну қиын. Оқушы бұл туралы бірнеше себептермен айтпауы мүмкін. Көп жағдайда буллинг жасаушының бопсасына түсіп қалады.

Баланың мінез-құлқында мынандай өзгерістер болады:

  • Мектепке/ сабаққа қатысым азаяды;
  • Адам көзінен таса жерде болуға тырысады;
  • Көпшілікке шыққысы келмейді;
  • Достары аз немесе мүлдем жоқ;
  • Мектеп тәртібі нашарлайды;
  • Денесінде зорлық-зомбылық белгілері болуы мүмкін;
  • Нашар ұйықтайды, жиі оянады, мектепте маужырап жүреді;
  • Қорқынышты түс көруіне шағымданады;
  • Айналасына немқұрайлы қарайды;
  • Ешкіммен ашылып сөйлескісі келмейді;
  • Әрдайым біреу аңдып тұрғандай күйде жүреді.

Сондай-ақ, баланың бұзақы болуы және басқа балаларды қорлауы мүмкін. Келесі белгілер буллинг жасаушыға қатысты:

  • Оған эмпатия жетіспейді. Бұл жануарларға немесе басқаларға қатыгездікпен қарауы мүмкін;
  • Жауапкершілікті басқаларға аударады. Ол өзінен басқаның бәрін кінәлауға бейім. Көбінесе арандатқанын айтып, қылығын ақтайды. Жиі айтылатын сөз тіркестері: «Мен оны ұрғаныма оның өзі кінәлі», «Ол жеңілген, сондықтан оны ұрып-соғуға лайық». Өзікін мойындамайды;
  • Өзінен кішілерге үстемдік қылуға бейім. Сөйлегенде арасында бипыл сөздер жиі қосуы мүмкін.

— Буллинг құрбандарымен қандай жұмыстар жүргізілу керек? Ата-аналарға қандай кеңестер бересіз?

— Мектеп психологтары балаларға көмек көрсетуге әрдайым дайын. Буллингке қатысты арнайы шаралар, түсіндіру жұмыстар, тренингтер жиі ұйымдастырылып тұрады. Мектептегі сенім жәшігі — айта алмай жүрген қорлау оқиғаларын психолог пен инспекторға жеткізудің ең қауіпсіз жолы. Сондай-ақ, буллингтің алдын-алу мақсатында мектебімізде арнайы QR-код жұмыс істеп тұр. Егер, оқушы буллингке тап болса, телефонымен сілтемедегі бос орындарды толтырып жібере алады. Ондағы барлық хабарламалар біздің мекен-жайымызға түседі.

Мектеп инспекторына хабарласып, оқиғаны баяндап, заңды түрде мәселені шешу керек. Қызуқандылыққа бой алдырмау маңызды.

Мектептегі буллингпен тек психолог пен инспектор  ғана емес, барлық тараптар – ата-аналар, мұғалімдер және оқушының өзі күресуі керек.

Қорқытуды бастан өткергендерге негізгі кеңес — мүмкіндігінше тезірек мектеп психологынан кеңес алу. Психологтан бөлек әр тарап дұрыс әрекет етуі тиіс.

Ата-аналар балалардың мойнына кінә, ұят, ашу және әлсіздік сезімін артпауы керек. Бұл кез келген отбасында болуы мүмкін екенін түсіну маңызды. Осыған байланысты кейде қолдау, жанашырлық білдірудің орнына: «Неге қарсы шықпадың?!», «Шүберек болма!», «Өзің кінәлісің» деп ақыл-кеңесін айтып, айыптайды. Біздің менталитетте “Өзің тиіспе, тиіссе аяма” деген тәрбие бар. Бұл — дұрыс емес. Барлық мәселе сауатты түрде шешілуі қажет. Егер, сіз ата-ана ретінде жағдайды жеңе алмайтыныңызды сезсеңіз (бұл қалыпты жағдай), онда сіз ең алдымен жақын адамдарыңыздың немесе психологтың қолдауын алуыңыз керек. Балаларыңыз дер кезінде көмек сұрай алуы үшін әрқашан олармен сенімді қарым-қатынаста болуға тырысыңыз.

Буллингке қарсы күресте қоғамның әрбір мүшесі жауапты. Себебі, қоғамның бірлескен күші — барлығына қауіпсіз және бақытты орта құрудың басты шарты.

Беспомощные жертвы перед лицом преступности: фундаментальное исследование и призыв к действию

В современном мире, где повестка дня часто переполнена экономическими...

Қымызмұрындық көрем десең, Кегенге кел!

21 маусым күні Алматы облысы, Кеген ауданы, Қарқара жайлауында...

В АСТАНЕ ЧЕСТВУЮТ ЛУЧШИХ МЕДИЦИНСКИХ РАБОТНИКОВ СТРАНЫ

В преддверии профессионального праздника – Дня медицинского работника –...

АСТАНАДА ЕЛДІҢ ЕҢ ҮЗДІК МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Астанада еліміздің денсаулық сақтау саласының...