Кез келген өркениетті мемлекеттің өз конституциясы болады. Елдің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығы көп жағдайда сол конституциясының, яғни негізгі заңның дұрыс жұмыс істеуіне байланысты болмақ. Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданды. Осыдан жиырма сегіз жыл бұрын, 30 тамызда Қазақстан халқы тарихи шешім қабылдап, еліміздің құқықтық өміріндегі жасампаз жаңа дәуіріне қадам басқан еді. Содан бері қарай тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған Ата заң — мемлекет пен қоғамда орын алып отырған барлық саяси – экономикалық, әлеуметтік реформалардың ілгері басуына, дамудың қайнар бастауына айналды.
Өткен жиырма жылдан бері меммлекет пен қоғамның дамуындағы өзгерістер-демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнығу талпыныстарының бәрі — Ата заң қағидалары негізінде жүзеге асырылып келеді. Қазақстанның Ата заңы әлемдегі ең жас Конституциялардың бірі болып саналады. Бүкіл мемлекеттік құрылымды айғақтайтын, елдің бастауы болып табылатын құжат енді ғана жиырма жасқа толып отыр. Әрине, тарих ауықымымен айтқанда, бұл азғантай ғана мерзім. Десе де, осынндай алмағайып заманда Қазақстанның Ата заңы уақыттың сынынан сүрінбей өтті, өзінің заман талабына лайықтығын жан-жақты дәлелдеді. Негізгі заң тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық және мемлекеттің құрылысының іргелі қағидаттарын бекітіп, демократиялық институттардың дамуына мықты қуат берді. Қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму, қазақстандық патриотизм және мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу республика қызметінің түбегейлі принциптері болып бекітілді. Ата заңымыз бойынша мемлекеттік биліктің бірден-бір көзі — халық болып табылады.
Адам құқығы – конституциялық құқықтың маңызды институты. Адам құқықтарын қорғау механизмі – бұл адам құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қанағаттандыру жолындағы кедергілерді жою мақсатында кезекті түрде ұйымдастырылған заңды құралдардың жүйесі. Жалпы адам құқықтарын қорғау механизимінің мақсаты болып, адам құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің кедергісіз бағыт алуын қамтамасыз ету табылады. Құқықтық реттеу механизмі заңдық құралдардың жүйесі, олардың көмегімен қоғамдық қатынастарға құқықтық əсер ету жүзеге асырылады, құқық субъектілерінің мүдделері қанағаттандырылады. Құқықтық реттеу механизмі элементтерінің құрамына құқықтық норма, құқықтық қатынастар, жеке құқықтық актілер, құқықтық тəртіп пен құқықтық сана кіреді.
Мемлекетте демократияның басты негізі адамның, жеке тұлғаның құқықтық жағдайы болып табылады. Сондықтан да, адам құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау механизміне нормативті құқықтық актілер жатады. Барлық қазіргі заманға сай конституциялар, оның ішінде Қазақстан Республикасының Конституциясы да бұл мəселеге ерекше назар аударады. Көпшілігінде адам мен азамат құқықтары мен бостандықтары алғашқы бөлімдерде келтірілген, бұл мемлекеттің жеке тұлғаның құқықтық жағдайына қаншалықты қарым қатынаста болатындығын көрсетеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы ең жоғары құндылық ретінде адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп бекітті. Бұл қағида демократиялық мемлекеттің қызметі мен оның халықаралық құқықтық міндеті. Конституцияда бекітілген жеке тұлғаның құқығы оны жүзеге асыру мен қорғаудың тиімді механизмін құруды болжайды. Адам құқығы, оны сақтау мен кепілдік беру бүгінгі таңдағы маңызды мəселелердің бірі. Адам құқықтарын сақтаудың шындық жағдайы – демократияның маңызды көрсеткіші, оның кемеліне келуі мен руханилығының белгісі.
Адам құқықтары мен бостандықтары тек қана бір мемлекеттің ісі емес, бүкіл халықаралық бірлестіктің субъектісі болып табылады. Адам құқығы саласындағы жалпы танылған халықаралық нормалар қазір ұлттық заңдарды қалыптастырудың негізі болып табылады. Сондықтан да мемлекет ішіндегі адам құқығын қорғау механизмі, халықаралық құқық нысандарымен қамтамасыз етілуімен тығыз байланысты. Адам құқығын қорғау жөнінде нормалар қабылдаған халықаралық ұйымдар, адам құқығының бұзылмауына жол бермеуге нақты механизмдер қарастырды.
Кез келген мемлекеттің, елдің тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айқындайтын негізгі құжат — Конституция. Онда мемлекеттің барлық құрылымдарының, жеке азаматтардың, ұлт пен ұлыстардың, әлеуметтік топтардың мақсаттары, міндеттері, құқықтары көрсетіледі.
Өркенді дамуымыздың басты құжатына айналған, бүкіл халық болыр қабылдаған Ата заңды құрметтеу біздің міндетіміз әрі парызымыз. Конституциямызда Қазақстан азаматтарының міндеттері туралы жазылған бапта Қазақстан Республикасының Конституциясын құрметтеу және сақтау көрсетілген. Қазақстан қоғамының ұзақ жылдарға арналған өркенді дамуының бағытын нық айқындап берген Конституцияға біздің айтар алығысымыз мол.
Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар
жөніндегі мамандандырылған сотының
жетекші маманы Балғабай Бахыт Бауыржанқызы