12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

1 желтоқсаннан бастап заң бұзған жүргізушілер айыппұл төлейді

Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап қысқы шиналарсыз жолға шығу заңбұзушылық болып есептеледі. Демек заң бұзған көлік жүргізушілері айыппұл арқалайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентке сәйкес, автокөліктер міндетті түрде қысқы шиналармен жабдықталуы тиіс.

Қазақстанда қысқы шиналарды қолдану талаптары ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 590-бабының 5-бөлігімен реттеледі.

Заңға сәйкес, 1 желтоқсаннан 1 наурызға дейін көлік міндетті түрде қысқы дөңгелектермен жүруі керек.

Бұл талапты орындамағандар айыппұл төлейді.

Бірінші рет құқықбұзушылық жасағаны үшін – 5 АЕК. Бұл 2025 жылы шамамен 19,7 мың теңге, 2026 жылы 21,6 мың теңге. Егер бір жыл ішінде қайталанған жағдайда 20 АЕК. Бұл 2025 жылы шамамен 78,7 мың теңге, 2026 жылы 86,5 мың теңге.

Қазақстанда несиелер кешіріліп жатқаны рас па?

Желіде несиелер кешіріліп жатыр деген ақпарат тарады. Қаржы нарығын...

Президент Цифрлық кодекске қол қойды

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексіне қол қойды, -...

Қазақстандағы алғашқы крематорий қашан іске қосылады?

Алматыда Қазақстандағы алғашқы крематорий жақын арада жұмысын бастайды. Бұл...

Ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген әйел Түркиядан қайтарылды

Ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген әйел Түркиядан...

Қолма-қол ақша алуға шектеу енгізілгені рас па?

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда банк шоттарынан қолма-қол...